Қарияларға қуаныш сыйлады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 02:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарияларға қуаныш сыйлады

5 Октября 2020 (11:45) | 3389 | Автор: Нурганым Имашева

Уақыт өткен сайын қазынамыз деп қадірлеген қарттарымыз паналайтын үйлер көбеймесе, азаймағаны анық. Қамқорлықсыз қалған жандардың үйін паналаған үлкендердің аянышты тағдыры бір бөлек тақырып.

 

 

Осы мәселені көтеріп, жақында елімізде аталып өтілген қариялар күніндегі игі шара туралы хатын Ақтау қаласының тұрғыны Пернегүл Қаржаубаева біздің редакциямызға жолдапты. Онда былай делінген: «Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері қоғамда ерекше орын алады. Қазіргі кезде мемлекетіміз қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, қарияларға жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін үлкен үлгі-өнеге. Қарттарымыз-біздің асыл қазынамыз.

 

Адам өмірінің мәні мен мағынасы, оның келешегіне сенімділігі – өзіне өмір сыйлаған ата-анасын ардақ тұтып, олардың алдындағы өзінің перзенттік парызы мен қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қариялар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарияларымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі.

 

Қартайғанда еңбегінің зейнетін көрудің орнына, жетімнің күйін кешкен қарттарымыздың көздерінен мұңды байқамау мүмкін емес. Бұл үй – небір тағдырдың тауқыметі тоғысқан «ұлы сағыныш» мекені іспетті. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні елімізде жыл сайын аталып өтілуде. Бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы атқарған еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Қашан да үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының қанында бар екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің де көлемі ұлғайып келеді.

 

Қарттар күні мерекесі қарсаңында облыс орталығындағы №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында көптеген мекемелер түрлі шаралар ұйымдастырады. Сондай шаралардың бірін облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру мақсатында, «Егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінің ұйымдастыруымен орталықтың тұрғындары арасында мерекелік шара өткізілді.

 

Ұйымдастырушылар тарапынан сөз алған «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінің өкілі Юлия Цой қарттарды мерекелерімен құттықтады. Шараға орталықтың қарттары мен мүгедектері қатысты. Олар таңғы жаттығулар жасап, шахмат пен дойбы жарысына қатысты. Жарыс қорытындысында шахматтан Владимир Курский 1-орынды, Николай Фарафонов 2-орынды, Хамит Сабыров 3-орынды иеленсе, дойбыдан Нұржан Досов 1-орынды, Лидия Мудрецова 2-орынды, Бауыржан Абитов 3-орынды жеңіп алды. Жеңіс тұғырына көтеріліп, жүлделі орын алғандар кубок, медалдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ынталандыру сыйлығымен Олег Пацало марапатталды. Сондай-ақ орталықтағы қарияларға ұйымдастырушылар тарапынан сый-құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 

Бұдан өзге терапевт, эндокринолог, хирург, кардиолог, лор, окулист дәрігерлері қарттарға тегін медициналық қызмет көрсетті. Мерекелік шара қамкөңіл қарияларға қуаныш сыйлап, жандарын жадыратты. Орталықтың қызметін алушы Нұржан Досов меркелік шараны ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білдірді.

 

№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Күләш Қалиева:

- Жыл сайын облыстың көптеген мекемелері біздің орталықтың тұрғындарын-қарттарымызды құттықтап келуді, сый-сыйапат көрсетуді дәстүрге айналдырған. Әлемді шарпыған пандемиядан кейінгі бұл алғашқы шара. Әрбір өткізілетін шарада қазіргі жағдайдағы талаптар қатаң сақталуда. Елімізде белең алған қиын жағдайларға

қарамастан қарттарымыздың көңілін көтеріп, өздерінің сый-құрметтерін көрсетіп жатқан мекеме басшылары мен қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.

Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен қарттарымызға құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан болып қана қоймай, сонымен қатар бүгінгі жас буынның басты парызы екенін ұмытпайық, - деген жүрекжарды пікірін білдірді.

 

 

 

 

Суреттерді түсірген Пернегүл Қаржаубаева

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему