Маңғыстау әкімдігінің 30 қызметтік көлігі қалалық емханаларға берілді
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 11:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау әкімдігінің 30 қызметтік көлігі қалалық емханаларға берілді

12 Июля 2020 (10:06) | 2257 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді. Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Емханалардағы көліктің жетіспеушілігін азайту үшін облыстық әкімдіктің қызметтік көліктері енді учаскелік дәрігерлерді таситын болады.

 

 

Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер осы көліктер қазіргі кезде дәрігерлерге қажет деп санайды.

 

Айта кетейік, облыстық әкімдік көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту және т.б. шығындарды өз мойнына алды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде мобильді топтардың саны 3,5 мыңға дейін арттыру керек деген болатын. Соған сәйкес біздің өңірде де осындай топтар құрылды.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

 

Суреттер қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему