Әкімдіктер жол сапасын тексертуге неге құлықсыз?
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әкімдіктер жол сапасын тексертуге неге құлықсыз?

23 Июня 2020 (18:02) | 3447 | Автор: Редакция

Өзекті мәселе «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз алаңында өткен брифингте көтерілді. Жиынды ҚР СЖҚІА өңірлік департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков тікелей эфирде жүргізіп отырды.

 

 

Әлеуметтік желі қолданушылары белсенді қатысып, толассыз сұрақ жаудырған жиынға «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау филиалының директоры Елтай Таялиев қатысты.

 

Брифинг спикері алдымен өзі басқаратын филиал, қала берді жол сапасын бақылау орталығы қызметкерлері атқаратын жұмыстардың ретін баяндады. Атап айтсақ, орталықтың негізі қызметі - автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады.

 

 

Жол сапасын бақылаушылар республикалық маңыздағы трассаларға шығып, бақылау жүргізуі республикалық мекемеден қаржыландырылады. Ал жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын тексеруге бюджеттен қаржы қаралмаған. Мәселені шешу үшін аймақтардағы филиалдар жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге қызметтік хатпен шығып, өз қызметін ұсынуда.

 

-Шын мәнісінде қандай да бір трассаны салуға немесе жөндеуге тапсырыс беруші облыс, қала не аудан әкімдігіндегі автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі болып табылады. Тендер ойналып, оны ұтып алған мердігер жолды салуға немесе жөндеуге кіріседі.

 

Ал оның қаншалықты сапалы жүріп жатқанын, кемшіліктердің бар-жоғын тексеріп, қорытынды беретін мемлекеттік орган барын әлі көп адам біле бермейді. Осы ретте Маңғыстау өңіріндегі барлық елді мекен әкімдіктерін бізбен әріптестік байланыс орнатып, келісімшартқа отыруын сұраймыз, - дейді Е.Таялиев.

 

 

Тікелей эфир уақытында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен арада келісімшарт бар екені, бүгінде 8 объектісінде тексеру жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқандығы айтылды. Олардың қатарында «Өмірзақ-Маэк», «Маэк-жылы жағажай», «Жетібай-Жаңаөзен» тағы басқа бағыттардағы трассалар бар.

 

Өкінішке қарай, Ақтау немесе қалған бес аудандағы әкімдіктермен арада әзірге байланыс жоқ. Облыс орталығына ең жақын тұрған Мұнайлы ауданына наурыз айынан бері үш рет қызметтік хат жазылған. Алайда бірде-біріне жауап келген жоқ.

 

Тек маусым айында ғана қарсы тарап қозғалып, әріптестік келісімге отыруға уағдаласқан. Бұл, ендігі кезекте аталған аудан әкімдігі өзіне қарасты аумақта салынып жатқан және орташа жөндеу жасалған барлық трассаға жол сапасын бақылаушы мамандарды шақыртып, жұмыс сапасын тексерте алады деген сөз.

 

 

Бұдан бөлек, Түпқараған ауданында ресми тіркелген үш жеке компания, яғни жол салушы мердігер мекеме орталыққа аяқтай келіп, келісімшартқа отыруға дайын екендіктерін мәлімдеуі қуантып отыр.

 

Бұл ретте олар салып немесе құрылысын аяқтап болған трассаның сапасы туралы мемлекеттік қорытындыны алға тартап, әкімдікке атқарылған жұмыстар туралы құжаттарды ешқандай кедергісіз тапсыра алатындығы анық.

 

-Ендігі уақытта дәл осындай белсенділікті Ақтау мен Жаңаөзен қаласы, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу және Түпқараған аудандары әкімдігінен күтеміз. Өз кезегінде, кемшілігі дер кезінде көрсетіліп, түзетілген көлік жолының халық игілігіне ұзақ жылдар қолданысқа берілуіне ықпал етерімізді ұмытпайық, әріптестер. Барлығымыз көздегеніміз бір мүдде, ол - көпшілікке қызмет ету, - дейді Елтай Құспанұлы.

 

-Брифинг соңында С.Қаныбеков спикерге алғысын білдіріп, «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мүшелерімен бірлесе белсенді әрекет етуге шақырды»,-деп хабарлайды «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК МОФ баспасөз қызметі.

 

Суреттер баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему