С.Шапағатов кентінің 1000-нан аса жаңа тұрғын үйі  газбен қамтылады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

С.Шапағатов кентінің 1000-нан аса жаңа тұрғын үйі газбен қамтылады

11 Июня 2020 (17:31) | 2536 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев мәлімдеді.

 

 

Қазіргі таңда Түпқараған ауданы бойынша жұмыспен қамту орталығына биылғы жыл басынан бері 1235 адам хабарласқан. Оның ішінде 1150-і жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта ресми тіркелген жұмыссыздар саны 416 адамды  құрайды.

 

 

-2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Түпқараған ауданында жүзеге асырылатын 22 жоба бар, оның ішінде 6 жоба өтпелі жобалар. Жобалардың барлығы ерекше тәртіпте конкурс хабарландырулары жарияланып, жобалардың жеңімпаздары анықталып, келісім шарттар жасақталды. Аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында 16 мердігер мекемемен аудан әкімдігі келісімшартқа отырды. Әр жоба аясында құрылатын жұмыс орындарының 50 пайызына дейін жұмыссыз тұрғындарға жолдама беру керектігі келісімшартта көрсетілген.Осыған орай, біздің ауданға қарасты әр ауыл әкімдіктерінен жұмыссыз азаматтардың тізімі жасақталды. Жоспар бойынша 1414 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 709 орынға жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталығы арқылы алыну қажет болса, қазіргі таңда 531 адам жолдамамен жұмысқа тартылды.

Аудандық деңгейдегі жобалардың қатарындаТүпқараған ауданындағы құс шаруашылығы және қосалқы учаскелерді сумен жабдықтау жүйесін жобалау құрылысы бар. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 50 адам.

Қалын Арбат аумағындағы №5, 6 учаскелерде қосалқы шаруашылық пен құс фабрикасын электрмен жабдықтау құрылысын жоспарлап отырмыз. 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде, - деді Талғат Алтынғалиев.

 

Бұдан әрі Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары аудан көлеміндегі елді мекендердегі атқарылатын жобалармен таныстырды.

 

 

Форт-Шевченко қаласы бойынша іске асырылатын жобалар:

 

  1. Екі қабатты 10 тұрғын үй жөндеуден өтеді. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 50 адам.
  2. Е.Өмірбаев атындағы орта мектепті қайта құрылымдау. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 100 адам.
  3. Су құятын құрылысты қайта құрылымдау, 1000 м3 болатын 2 резервуар мен 50 м3 құрайтын 2 тұзсыздандыру қондырғысының құрылысы. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 100 адам.
  4. Сондай-ақ жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 90 адам.

Ақшұқыр ауылы бойынша іске асырылатын жобалар:

 

  1. Нурбаев және Сахиев көшелерінің бойындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 5 адам.
  2. 2, 3, 5 кварталдардың 4 шақырым ауылішілік жолдарын орташа жөндеу. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 30 адам.
  3. Дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 10 адам.
  4. Ақшұқыр ауылынан С.Шапағатов ауылына 110-10 кВ қосымша электр беру желісінің құрылысы. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 20 адам. Жағалауды абаттандыру. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 90 адам.

Сайын-Шапағатов ауылдық округі бойынша жобалар:

  1. Г.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 40.
  2. Сондай-ақ ауылішілік автомобиль жолы орташа жөндеуден өтеді, ұзындығы 2 км. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 30.
  3. Елубаев, Н.Есетов және Мейірова көшесі жолы да орташа жөндеуден өткізіледі. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 65 адам.
  4. 5-кварталының ауылішілік жолын орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда, ұзындығы 4 км. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 55 адам.
  5. Дәрігерлік амбулаториясы ағымдық жөндеуден өтеді. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 5 адам.
  6. Ауылдың жаңа тұрғын үйлері газбен қамтылады. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 344.
  7. Жағалауды абаттандыру. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 90(45 адам).

 

Баутин ауылы бойынша жобалар:

16. Д.Сәтімова және Аташ ауылындағы Б. Ақсамбаев көшелеріне жол салу құрылысы. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 30 адам.

 

Қызылөзен ауылы бойынша жобалар:

17. Сисембаев пен Нысанбаев көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеу, ұзындығы 500 м. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны: 10 адам.

 

Сурет қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему