Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлға мемлекет қорғауында болады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 02:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлға мемлекет қорғауында болады

3 Июня 2020 (12:32) | 3889 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков хабарлады.

 

 

Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша хабарлай аласыз.

 

1424 Call-орталық арқылы жүгіну 24/7 қағидасы бойынша қызмет көрсетеді.

 

1424 Саll-орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша кеңес береді:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;

-  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.

- Хабарламаларды қабылдау: сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;

- Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар).  

 

 

-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді,-деп мәлімдеді Серік Қаныбеков

 

Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді: 

егер пара немесе залал мөлшері 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңгеден)аспаса:

 

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 83 340 теңге (30 АЕК);

- сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 111 120 теңге (40 АЕК); 

- сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 138 900 теңге (50 АЕК); 

- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 194 460 теңге (70 АЕК); 

- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 277 800 (100 АЕК).

 

Пара немесе залал көлемі 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңгеден) жоғары болса, онда сыйақы мөлшері параның 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК (11 млн 100 мың теңге) жоғары емес.

 

Жоғарыда аталып  өткендей, Маңғыстау облысы бойынша біржолғы ақшалай сыйақы алғандар саны:

 

2018 жылы– 6 адам, 914 000 теңге көлемін құраса,

 

2019 жылы – 13 адам, 2 500 000 теңге көлемін құрады.

 

2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сыйақы алған тұлғалар болмаған.

Сонымен қатар 2019 жылдың ең жоғарғы сыйақы мөлшері -176 750 теңге (70 АЕК), ең төменгі – 101 000 теңгені (40 АЕК) құрады.

 

Суреттер қоғамдық коммуникация қызметінің баспасөз орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему