Маңғыстауда «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі басталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі басталды

31 Мая 2020 (14:25) | 1071 | Автор: Редакция

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы өткізіледі.

 

 

Бұдан бұрын, 2018-2019 жылдары Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері республика бойынша үздіктер қатарында топ жарды. 2019 жылы республика бойынша ең үздік деп табылған 10 мемлекеттік қызметшінің 2-і маңғыстаулықтар, 2018 жылы да Маңғыстау облысының 2 әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздік жиырманың ішінен көрінді.

 

Осы орайда, аталған конкурстардың өңірлік деңгейін ұйымдастырушы және өткізуші мемлекеттік орган –Агенттіктің аумақтық департаменті облыс, қала, аудан әкімдіктерінің аппарат басшылары,мемлекеттік органның бірінші басшылары және мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жауапты мамандармен онлайн режимінде жиналыс өткізді. Қашықтық режимде өткізілген жиналысқа 200 ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.

 

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Жанназарова короновирус инфекциясының таралуына байланысты жарияланған карантинге орай ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы қашықтық режимде өткізілетіндігін жиналысқа қатысушылардың назарына жеткізіп, конкурстың шарттарындағы өзгерістерге тоқталды.

 

Екі жыл қатарынан қалыптасқан үрдісті жалғастырып, үздіктердің үздігін анықтап, республикалық кезеңге лайықты мемлекеттік қызметшіні жіберуге мемлекеттік органдардың мүдделі болуы конкурстың бәсекелестік деңгейін арттырып, әділ өтуіне себепкер болатындығына Агенттіктің аумақтық департаменті басшылығы тарапынан үлкен мән берілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

 

Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему