Мұғалімдер карантин кезінде мектепке шақырылған
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 15:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұғалімдер карантин кезінде мектепке шақырылған

29 Мая 2020 (12:30) | 3930 | Автор: Нурганым Имашева

Әр дәлелденген жағдай бойынша тиісті тәртіптік шаралар қабылданды. Келешекте олардың алдын алу шаралары жүргізілді. Алайда лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған жоқ. Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен жиында Маңғыстау облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ мәлімдеді.

 

 

Аталған департаментке сенім телефоны арқылы Жаңаөзен қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметкері хабарласып, басшысы өзін функционалдық міндетінен тыс жұмыстарға жұмсайтындығы жөнінде шағымданған. Бұл мәселеге құзырлы мекеме өкілдерінің араласуымен шағым қанағаттандырылды.

 

 

-Қазіргі уақытта көпшілік жаңалықтарды әлеуметтік желілерден алатындықтан Департамент өз парақшаларын Facebook, Telegram, ал жастар үшін Instagramәлеуметтік желілерінен ашып қойды. Facebook әлеуметтік парақшасына пандемия кезінде 8 сауал келіп түсті, оның 6-уы ата-аналардан, 2-уі педагогтерден. Онда жұмысқа орналасу, жалақы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастауы туралы мәселелері қозғалды.

 

Сондай-ақ Telegram әлеуметтік парақшасына бірнеше педагогтен білім беру ұйымы есептілік талап ететіндігі, каникул, төтенше жағдай кезіндегі еңбек ақы және сауықтыру жәрдемақысын төлеу мәселелері жөнінде сауалдар түсті. Әлеуметтік желі арқылы түскен өтініштер мен сауалдарға толық жауап мерзімінде беріліп, қанағаттандырылды. Барлық постқа жазылған пікірлерге, жолданған сауалдарға Департамент тарапынан мониторинг жүргізіліп отыр, - дейді Есболат Кеңғанұлы.

 

Оның айтуынша, педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу, мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылықтар да тексеріске негіз болады.

 

Аталған нормаларды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-шы бабына сәйкес бірінші кезекте ескерту жасалады, бір жыл ішінде қайталап жасалынса 20-дан 120-ға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Осыған қарамастан кейбір облыстарда әлі де педагогтерді мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға тарту тәжірибесі және өзге заңға қайшы тәжірибелер кездесіп отыр.

 

-Мысалы, инфекциямен күрес науқаны кезінде Түркістан облысының Түлкібас ауданы Жабағалы ауылының әкімшілігі мектеп мұғалімдерін санитарлық постқа тұрғызып қойған. Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес әр мұғалім үш күн сайын 12 сағаттан постта тұруға міндетті болған. Мұғалімдерге ешқандай санитарлық құралдар да ұсынылмапты. Осыған ұқсас факт Шығыс Қазақстанда да болды. Әр жағдай бойынша тиісті тәртіптік шаралар қабылданды. Біздің облыста да жоғарыдағыларға ұқсас деректер тіркелді. Бірақ біздің араласуымызмен алдын алу шаралары жүргізіліп, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту фактісі болған жоқ, - деп мәлімдеді брифинг спикері.

 

Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылы І жартыжылдықта жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 20 білім беру ұйымында бару арқылы профилактикалық бақылау өткізуді жоспарлады.

 

Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айында 9 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау және 12 білім беру ұйымында (10-ы профилактикалық бақылау нәтижесімен берілген нұсқаманың орындалысы, 2-уі жеке тұлға арызы бойынша ) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

 

Республика аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізу уақытша тоқтатылған.

 

Суреттер өңірлік қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему