Маңғыстау облысының мәдениет қызметкерлері марапатталды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 20:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының мәдениет қызметкерлері марапатталды

22 Мая 2020 (14:44) | 2432 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда 21 мамыр күні "Мәдениет және өнер қызметкерлері" күніне арналған салтанатты шара өтті. Өнерді өміріне серік еткен жандарды кәсіби мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев құттықтап, сала мамандарының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

 

 

Басқосуда төл мереке иелері марапатталып, қошеметке бөленді. Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен сазгер, балалар ақыны Көмек Ыбырайұлы,  М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясы, кіші симфониялық оркестрінің әртіс-аспапшысы Тұрсынгүл Меңдіғалиева, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі Ажар Көбегенова, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының актрисасы Майра Бақбердиева және "Ақтау қалалық орталық кітапхана" директорының м.а Нұрияш Егдірбекова марапатталды.

 

Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовтың алғыс хатымен МО қуыршақ театрының актері Ержан Бигашев, айтыскер ақын Фархад Мусаев, Арт "Өнер" галереясында суретші, безендіруші Аймұрат Таңатаров,  МО кино және мәдени қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Злиха Сапарова марапатталды.

 

Сондай-ақ қала-аудандардағы 17 мәдениет қызметкердің қатыса алмауына байланысты, облыс әкімінің марапаты ауылдарына жолданды. Тағылымды шарада театр, филармония әртістері өз өнерлерін ортаға салды.

 

Онлайн форматтағы басқосу МО мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзинаның және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен өтетін онлайн-сұхбатқа жалғасты.

 

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

 

Суреттер қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему