Маңғыстауда 2020 жылы 5,2 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 2020 жылы 5,2 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады

1 Февраля 2020 (09:18) | 2182 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді.

 

 

«Ақтау Агро» ЖШС-ның Түпқараған ауданының 43 км аймағынан 120 адамды жұмыспен қамтитын құс фабрикасы ашылады деп жоспарлануда. Құны 4 млрд. теңгені құрайтын жобадан жылына 5 мың тонна өнім алынбақ. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, иран, түрік, қытай елінен әкелінген құрал-жабдықтарын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. 4 шағын зауыттан тұратын құс фабрикасына мемлекет тарапынан инфроқұрылым жасалған.

 

Ал, аталған құс фабрикасына Мұнайлы ауданынан іске қосылатын түйіршіктелген құрама жем өндіру фабрикасы өнім дайындайтын болады. Бұдан бөлек осы жылдың ақпан айында «Маңғыстау құс» ЖШС Мұнайлы ауданында құны 5 млрд. теңгені құрайтын жұмыртқа өндіретін зауыттың құрылысын бастамақшы.

 

 

-Өңірде су тапшылығына байланысты жылыжай кешендерін іске қосу өнімділігі жоғары болып отыр. Осыған орай, облыс көлемінде бүгінде 27 га жылыжай болса, оларды тағы да көбейту үшін әр қала ауданнан кемінде бір га жылыжай қосу үшін жұмыстар атқарылуда. Мемлекет тарапынан берілетін көмекті тиімді пайдаланып, жұмыс істеймін деген азаматтар болса, сырттан келетін өнім азаяр еді, - деді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

 

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы секторында 20, 4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексінің 105,6 пайызын құрады. Бүгінгі таңда облысымызда мал шаруашылығында 1444 шаруа қожалық жұмыс істейді. 2019 жылы 37 бригада арқылы 55,0 мың тонна шөп дайындалған. 2014 жылдан бері облыс бойынша шаруа қожалықтарына 300 құдық қазылған.

 

Бүгінде ірі-қара мал бас саны көбейіп келеді. Оған дәлел, облысқа былтыр республика қаржысынан бөлінген 6 пайызбен берілген 1 млрд. 530 млн. теңге 100 пайыз игерілген. «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал бас санын көбейтуге 12 млн.-ға дейін қаражат берілетін болады. «Қараған Түбек» ЖШС сүтті бағытта Алматы, Шымкент облыстарынан 150 аруана түйесін әкеліп, халық игілігіне қызмет етіп жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында төрт түлік мал басын көбейту шаралары жүргізілуде.

 

Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему