Биыл Маңғыстау облысында 25 мыңнан астам отбасы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 22:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстау облысында 25 мыңнан астам отбасы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады

12 Января 2020 (17:48) | 1555 | Автор: Нурганым Имашева

2019 жылы облыс бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны 16 мың 690 адам болса, қазіргі уақытта 24 мың 445-ке жетіп отыр. Осындай мәлімет "Қоғамдық коммуникациялар орталығының" алаңында өткен брифингте айтылды.

 

 

Журналистермен өткен жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Сұлтанмұратұлы Қыраубаев тақырыпқа қатысты ақпараттармен ашты. Биылдан бастап қазақ мемлекетінде мемлекеттік әлеуметтік көмектің негізгі үш түрі енгізілгені мәлім.

Олар:

 

- төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы;

- жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);

- және аз қамтылған отбасы (1-18 жас аралығындағы) балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмек деп белгіленген.

 

Енді осы аталған мемлекеттік қолдау түрлерінің ара-жігін ажыратып өтсек, төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысы есептелместен, баланың санына қарай сараланып тағайындалады. Атап айтқанда:

 

- 4 баласы бар отбасыға - 42 496 теңге;

- 5 баласы бар отбасыға - 53 127 теңге;

- 6 баласы бар отбасыға - 63 757 теңге;

- 7 және одан да көп баласы бар отбасыға - 74 388 теңге.

 

-Бұл жерде тоқтала кететін бір жайт - көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау аталған санаттағы отбасыларды аз қамтылғандар санатынан сигменттеуге оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

 

Жалпы, Маңғыстау облысы бойынша 2020 жылы 25 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа тағайындалған жәрдемақы алатын болады. Бүгінде мемлекет қолдауына 24 мың 445 жанұя ие болып отыр, - деді Әлихан Қыраубаев.

 

 

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға төленетін мемлекеттік қолдау тетігі болып табылады.

 

Бұл ретте, мемлекетімізде кедейшілік шегі күнкөріс деңгейінің 70 процент деңгейінде белгіленеді. Осы жылдың 1 қаңтарында Маңғыстау облысы бойынша күнкөріс деңгейі 36 мың 560 теңге деп көрсетілген. Сәйкесінше, кедейшілік шегі - 25 мың 592 теңгені құрайды.

 

Мысал ретінде айтсақ, кәмелетке толмаған үш баласы бар, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 10 мың теңгені құрайтын отбасының әр мүшесіне айына 15 мың 592 теңге әлеуметтік көмек тиісті. Егер отбасыда бес адам болған жағдайда айына 78 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалады. Бұдан басқа кәмелет жасқа толмаған үш балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріледі.

 

 

Ал жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 10 мың теңгені құрайтын  отбасыда бес бала болған жағдайда, әр мүшесіне 15 мың 592 теңге көлемінде қаржылай көмек тиісті және жеті адамға айына 109 мың 144 теңге АӘК тағайындалады. Кәмелетке толмаған бес балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріледі. Оған қосымша 53 мың 127 теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

 

Әлихан Сұлтанмұратұлының сөзінше, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің негізгі ұстанымдарының бірі - аз қамтылған отбасы мүшелерін еңбек нарығына тарту, оларды мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы өмірлік қиын жағдайдан шығару болып табылады.

 

 

-Маңызды бір мәселе: АӘК жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда  ғана төленеді. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда отбасының барлығына атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 

Суреттер Маңғыстау облыстық ҚКО баспасөз қызметінен және mail.kz, 24 kz  сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему