Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасауға дайын
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасауға дайын

10 Января 2020 (12:40) | 1934 | Автор: Нурганым Имашева

Топ құрамында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ IT бойынша басқарушы директоры Нұрбол Жұмаділда, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университеті ректорының Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Бақтияр Серік, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев болды

 

 

Олар аудандық ауруханада және емханада болып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылу барысымен танысты. Биылдан бастап аудан тұрғындары екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Биылдан бастап кепілдендірілген медициналық көмекпен бірге қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүреді. Еске сала кетейік, МӘМС азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Ал кепілдендірілген көмек болса мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Аудан тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Әр адам емханаға немесе ауруханаға барып, жеке басын куәландыратын құжаты арқылы базадағы статусын анықтап, соған сәйкес қызметтер алуына болады. 30 000-нан астап халқы бар аудан бойынша, бүгінде статусы анықталмаған 150 адам ғана қалып тұр.

 

 

Түпқараған аудандық ауруханасының директоры Бақыт Шалабаеваның айтуынша, аудан МӘМС бойынша жұмыс жасауға толыққанды дайын. Айта кету керек, бүгінде орталық аудандық аурухана 30617 халыққа қызмет көрсетеді. Аудан бойынша  емдеу-сауықтыру мекемелер саны – 7. Атап айтқанда орталық аурухана, емхана, Таушық дәрігерлік амбулаториясы, Ақшұқыр  дәрігерлік амбулаториясы, Баутин дәрігерлік амбулаториясы, Қызыл-өзен ауылы фельдшерлік-акушерлік пункті және Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулаториясы. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 76066 қатысу жасалып (посещение), 1145 науқас стационардан ем алып шыққан. 2473 науқас күндізгі стационардан ем алса, 34 науқас үйдегі стационардан ем алған.       

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары барысында Маңғыстау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен бірлесіп кестелік жоспар құрылған. Түпқараған орталық аудандық ауруханасы  қызметкерлері қатарынан, соның ішінде директорды қоса алғанда халық арасында  ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, елді мекендер бойынша бөлінген. Бекітілген кестеге сай Форт-Шевченко қаласы, Таушық, Баутино, Аташ, Қызыл-Өзен, Сайын Шапағатов, Ақшұкыр ауылдарының тұрғындары, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері және жеке сектор өкілдерімен кездесулер өткізілген.

 

 

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық сақтандыру, халық денсаулығын қорғаудағы мемлекеттік саясат, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттеріне қатысты болашақтағы жұмыстар туралы айтылды. Сонымен бірге «Қаламқас» кеңорнындағы өндірістік компания қызметкерлерімен кездесу өткізілген.

 

МӘМС  туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ақпарат таратудың барлық құралдары қолданылуда. Аудандық аурухана базасында МӘМС бұрышы құрылған, Форт-Шевченко қаласында 2 билборд орнатылған, аудандық газет беттерінде бірнеше мақалалар жарияланған. Қосымша «real time» режимінде, яғни халық банкі бөлімшесінде, халыққа қызмет көрсету орталығында, жұмыспен қамту орталығы және басқа халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттар берілген.

 

 

Сондай-ақ, аудандық аурухана қызметкерлерінің МӘМС бойынша негізгі сұрақтарын түсіндіре алу қабілеттілікттері мен білім деңгейін анықтау мақсатында аттестация жүргізілген.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Нұрбол Оқуов

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему