Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 11 млрд теңге аударған
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 11 млрд теңге аударған

8 Ноября 2019 (10:42) | 2149 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда Медициналық сақтандыру қорына, Маңғыстау облысындағы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден қазан айында 478 млн 343 мың теңге шамасында жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы хабарлады.

 

 

Нақтырақ айтқанда, қорға 265 мың теңге шамасында жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар аударса, 478 млн 78 мың теңге – жұмыс берушілердің аударымдары. Маңғыстау жарна төлеу бойынша, аймақтар ішінде 6-орында тұр, - дейді «ӘМСҚ» филиалы директорының орынбасары Керимбаева Жанетта Нұрбергенқызы.

 

Маңғыстау бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 11 млрд 336 мың теңгені құрады, ал бүкіл республика бойынша Қорда 224 млрд теңгеге жуық сома жинақталған. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеуден Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап келеді. Ал Қарағанды облысы үшінші орында тұр.

 

Айта кетейік, Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

 

 

Фото ғаламтордан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему