Өрт сөндіру бөліміне саяхат №7 мектеп-лицейінің екінші сынып оқушылары өрт сөндіру бөлімін аралады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 21:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндіру бөліміне саяхат №7 мектеп-лицейінің екінші сынып оқушылары өрт сөндіру бөлімін аралады

28 Октября 2019 (15:46) | 3247 | Автор: Нурганым Имашева

Өрт сөндірушілердің кәсіби мерекесі қарсаңында 7-ші мектеп-лицейінің екінші сынып оқушылары Ақтау қаласында орналасқан 1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне саяхатқа барды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

 

 

Бұл саяхат балалардың есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Өрт сөндірушілердің жұмысы туралы жедел кезекшінің орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Абакар Абдурахманов балаларды қарсы алып, бөлім жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар ол оқушыларға отпен және электр құралдарын пайдалану ережелерін айтып, еске салды. Балалар өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін білу үшін осы тақырыпта тренинг өткізді.

 

Оқушылар өрт сөндіру ісінің тарихымен және ерлік кәсіптерімен осы ғимараттың үшінші қабатында орналасқан өрт сөндіру күзетінің мұражайынан танысты.

 

Тарих залында Абакар Абдурахманов оқушыларға қаладағы өрт сөндіру қызметінің негізі туралы айтып, балаларды өткен ғасырдың өртке қарсы құрал-жабдықтарымен және техникасымен таныстырды. Келушілерді «Өрттің алдында және одан кейінгі пәтер» макеті ойландырды. Көрменің бірегей бұйымы – қол өрт сөндіру сорғысы болып табылады.

 

 

Мұражайда балалар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін, сигналдық жабдықтарын және шынайы ескі жабдықтау элементтерін, өрт сөндіру техникасының үлгілерін және басқа да көптеген жәдігерлерді көрді.

 

Содан кейін балаларға өрт сөндірушілер сабақ өткізіп, емтихан тапсыратын оқу сыныбын көрсетті. Саяхат соңында балалар өрт сөндіру автокөліктері тұрған өрт сөндіру бөлімінің көлікжайын қарап шықты. Балаларға көліктер туралы, олар не үшін және қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қалаушылар көлік кабинасында отыруға мүмкіндік алып және өздерін отпен күресетін ержүрек азамат орнында отырғанын көз алдарына елестетті.

 

Саяхат аяқталып қалды, ал балалар өрт сөндіру бөлімінен кеткісі келмейді. Мұнда олар көптеген жаңа нәрселерді біліп, жағымды әсерлер алды.

 

Суреті автордікі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему