Ақтауда сот жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыруға арналған пресс-тур өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 23:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда сот жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыруға арналған пресс-тур өтті

4 Октября 2019 (15:45) | 2173 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

 

 

Сот жүйесіндегі жаңа электронды технологиялармен таныстыру мақсатында жұртшылыққа арналған пресс-тур Маңғыстау облыстық сотында өткізілді. Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судья Айжан Молбаева, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұртай Алмашов пен сот қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Пресс-тур қатысушыларына кеңсе жұмысы, сот отырысы өткізілетін залдар, олардың технологиялық жабдықталуы, судьялардың қызметі таныстырылды.

 

 

Нұртай Алмашов тыңдаушылар назарына облыс соттарының жұмысы туралы құнды ақпарат ұсынып, сот жүйесіне енгізілген электронды технологиялар туралы мәліметтер берді.

 

Одан әрі Айжан Молбаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тарауына тоқталып, сот шешімдерінің сапасын арттыруға, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруға, соттардың дауларды шешу барысында қосымша айғақтар жинау құқығына ерекше мән берілетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол облыс соттарындағы қаралған істер, олардың санаттары, бітімгершілік және медиация қолданысы туралы статистикалық деректер келтірді.

 

 

Пресс-тур барысында қатысушыларға мемлекеттік бажды төлеу, талап арызды тіркеу, сот қызметкерлерінің ұялы телефон арқылы смс-хабарлама жіберуі, гибридтік электрондық пошта, ШПИ, сервис арқылы жіберілген смс-хабарламалар туралы да толық түсініктеме берілді.

 

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Айсет Айдарбаева ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі соңғы мүмкіндіктері, оның ішінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арызды, өтінішті беру, хатты жолдау, сот істерін қарау кестесі, сот істерімен танысу бөлімдері туралы түсіндірді.

 

 

Сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот» пилоттық жобасының Маңғыстау соттарында нәтижелі жұмыс істеп отырғанын жеткізді.

 

 

-Осылайша сот отырысы залдарын аралап, сот процесінде аудио-видео құралдарының қолданылуы, жазбалардың сақталуы, жазбаны тоқтатуға, қайта тіркеуге, жоғалтуға болмайтыны туралы ақпаратқа қанық болған қатысушылар сот жұмысына жоғарғы баға берді,- дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему