Ақтауда судья-үйлестірушілердің, соттардың баспасөз хатшыларының, журналистер мен заңгер-блогерлердің кездесуі болып өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда судья-үйлестірушілердің, соттардың баспасөз хатшыларының, журналистер мен заңгер-блогерлердің кездесуі болып өтті

12 Августа 2019 (16:40) | 1629 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда «Соттар және БАҚ: ашық диалог және сенімгерлік ынтымақтастық» тақырыбы бойынша өңірлік семинар-тренингтердің төртінші циклы аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Іс-шараға Батыс өңірінің өкілдері - судья-үйлестірушілер, соттардың баспасөз хатшылары, журналистер мен заңгер-блогерлер қатысты. Семинарды ұйымдастыруға Жоғарғы Сот, Ф.Эберт атындағы қор, USAID, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі, Internews және Қазақстанның Сот журналистері лигасы атсалысты.

 

Екі күнге созылған семинар басталар алдында Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Қарабаев пен азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев құттықтау сөз сөйледі. Олар судьялардың сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп отырғаны туралы айта келіп, өңір соттарында «Сот төрелігінің жеті түйінінің» жүзеге асырылып жатқаны туралы әңгімелеп берді.

 

 

Ұйымдастырушылар қатысушыларға журналистердің құқықтары мен міндеттерінің қандай болатыны, сұхбатты дайындау технологиясы, резонансты жарияланымдарға ден қою және мультимедиялық контент жасау туралы әңгімелеп беруді жоспарлады. Талқылаулар тақырыбының өзектілігі, мұқият жоспарланып сөйленген сөздер мен интерактивтік сабақтар серпіні тренингті оның қатысушылары үшін тартымды да пайдалы ете білді. Бұл туралы олар іс-шараның барысында және әлеуметтік желілердегі өздерінің аккаунттарында айтып өтті.

 

Жұмысты облсоттың отставкадағы судьясы Инесса Куанова ашты. Ол сот құрылысы мен сот ісін жүргізу: негізгі ұғымдар, сот сатылары, сот актілері, сондай-ақ заң техникасының негіздері туралы айтып берді. Спикер өзінің сот практикасында кезіккен әртүрлі ахуалдарға байланысты пікірлерімен бөлісті.

 

ЖС-тың судьясы Елена Максюта әлеуметтік желілердегі жұмыс: бейін мен контентті жасау, қауіпсіздік мәселелері туралы ақпарат берді. Түсіндірмелер беру принциптері туралы тілге тиек ете келіп, спикер әлеуметтік желілердегі сын материалдарға ден қоюдың әртүрлі кейстерін ұсынды.

 

ЖС-тың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов пен «Қазақстанның Сот журналистері лигасы» ОФ директоры Мәулетбай Серікжан БАҚ өкілдеріне сот процестерін қалай жариялауға: журналистерге сот залында нені істеуге болатыны және нені істемеу керектігі туралы түсіндіріп берді.

 

 

Екінші күні журналистердің сот отырысы залдарына қолжетімділік мәселелері, сот процесі барысындағы олардың өздерін ұстау қағидалары, сот қызметін көрсетудегі әдеп пен кәсіби нормалар, соттарда журналистер құқықтарының бұзылуы талқыланды. Мәселен, informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев тиімді коммуникацияларды қалай қатарластыру керектігіне тоқталып өтті. Журналистер мен судялар жұмысындағы ортақ нәрсе шындықты тынбай іздеуді, қоғамдық миссины, адамдардың өміріне әсер ету мен эмоционалдық күйіп-жануды бөле-жара айтты.

 

Спикер судьялардың өздері қабылдайтын сот актілерінің қисынын көбірек түсіндіруіне және журналистермен сот процестерінен тысқары уақытта жиірек жүздесіп тұруына, ал журналистердің – не болып жатқанын түсіне білуіне, оқырмандарға сауатты және ұғынықты етіп жазуына, судьяларға құрмет көрсетуіне тілек білдірді. «Судьялар мен журналистер бір біріне керек», - деп сендірді М.Дорофеев.

 

Медиасарапшы Асхат Еркимбай әлеуметтік желілерде жазбалар жазу әдістемесі, жаңа форматтар мен заманауи мультимедиялық құралдар туралы тренинг өткізді. Тиімді коммуникациялар, аудио-, бейне- сұхбат форматтары, кері байланысқа, дағдарысқа қарсы коммуникацияға қол жеткізуге бағытталған жүйелік шаралар мәселелері жарыққа шығарылды.

 

 

«Интерньюс-Казахстан» сарапшысы Ольга Диденко сот актілерінің, мұрағаттар мен статистикалық деректердің ашық көздері, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарына қандай ақпараттар алу үшін жүгіну керектігі туралы ақпарат берді. «Интерньюс-Казахстан» сарапшысы сонымен бірге журналист соттың шешіміне немесе үкіміне әсер ете ала ма, ал БАҚ өкілі - сот процесі ашылғаннан кейін сот процесіне қатысушыны фотоға түсіре ала ма және журналист айыпталушының кінәсіздік презумпциясын сақтауға міндетті ме деген сұрақтарға жауап берді. Пікірталасқа тек журналистер мен баспасөз хатшылары ғана емес, сонымен бірге судья-үйлестірушілер мен адвокат-блогерлер де қатысты.

 

Семинардың қатысушылары интерактивті пікір аламасуларға және әртүрлі кейстер бойынша рөлдік ойындарға қатысты. Тренингтің әрбір қатысушысы БАҚ пен соттардың өзара байланысы кезінде жиі туындайтын оқиғаларға және кезіккен тығырықты жағдайдан жол тауып шығу міндетіне тап болғандай әсер алды.

 

Барлық оқиғалар әртүрлі, алайда оларды бір-біріне ұқсас тәуекелдер мен қобалжулар біріктіріп тұрғандай еді. Мысалы, БАҚ әдейі немесе кездейсоқ ақпараттың өңін айналдырып жібере алады, журналист сенсацияны «ширықтырып» жібереді, БАҚ-тың қатысуы тараптардың татуласуына және татуласу келісімін жасасуға кедергі келтіруі, сондай-ақ бәсекелестер үшін

 

қызығушылық тудыратын коммерциялық құпияны ашып жіберуі мүмкін, бұл тұтынушылар сұранымын күрт төмендетіп, шығындарға әкеп соғады.

 

 

Жұмысты қорытындылай келіп, А.Садуақасов құқықтүсіндіру жұмыстарын жүргізудің өзектілігін атап көрсетті. Оның пікірі бойынша, сот қызметінің мәні мен заңнама негіздерін дұрыс түсінбеу көбінесе қоғамдағы дау-жанжалшылдықты туындатады. Ол семинарға қатысушыларды осы жұмысқа қатысуға шақырды.

 

-Біз ортақ істі жасап жатырмыз – адамдарға заң нормаларын жеріне жеткізе түсіндіреміз, судьяның жұмысы және сот шешімдеріне шағым беру, наразылық келтіру мүмкіндіктері туралы объективті түрде айтудан жалықпаймыз, - деп атап өтті ол.

 

Жұмыстың қорытындылары бойынша қатысушылар семинар-тренинг спикерлерінің ұсынымдарын талқыға салды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему