Сенім телефоны
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 19:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сенім телефоны

11 Июня 2019 (10:53) | 2267 | Автор: Нурганым Имашева

Тергеу изоляторы болсын, мейлі түзеу мекемесі болсын – бұл бостандықты шектеу орны. Алайда тергеу абақтысының түзеу мекемелеріне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар екені анық. Ең алдымен бұл емін-еркін жүруге тыйым салынған жер. Яғни, еркіндікке мүлде жол берілмейтін режимдік нысан болып табылады.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесі осындай санаттағы тергеу изоляторы. Аталмыш мекемеде қылмыс жасауына байланысты күдікті ретінде тергеуде жүрген және тергеу изоляторының шаруашылық жасағында қызмет етуге қалдырылған сотталған тұлғалар және арнайы контингенттердің тәртібі мен режимді, тәрбиесін, денсаулығын және тағы басқа жағдайларды қатаң қадағалайтын қызметкерлер қызмет етеді. Көпшілік үшін жабық мекеме болғандықтан, мұндағы тексеріп-бақылау қызметі күшейтілген режімде қызмет атқарады.

 

ҚР ІІМ жарамды нұсқаулары мен түзеу мекемелерінде ұсталынған адамдарды бақылау бойынша нұсқау, ішкі тәртіп ережелері, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-Атқару Комитеті тергеу изоляторында сотталғандарға берілген категория бойынша ұстау тәртібі қамтамасыз етілген.

 

Күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау шарттары, қазіргі ережелерге сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен және басқа да заңдармен реттеледі. Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы ҚАЖ департаментіне қарасты ГM-172/10 мекемесінің кезекші бөлімінде тәулік бойы 8 (7292) 60-58-74 сенім телефоны жұмыс істейді. Кез-келген адам осы телефон нөміріне қоңырау шала алады және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы ақпарат қалдыра алады. Азаматтардың хабары арнайы нөмірленген журналда қатаң жазылады. Шұғыл желі арқылы алынған барлық ескертулер мен ұсыныстар үшін дереу тиісті шаралар қабылданады. Шұғыл желі қызметінің тұрақты жұмысы қылмыстық атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.

 

Т.Бисеков

ГМ-172/10 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі (ТИБКК) әділет майоры

 

Сурет автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему