Маңғыстауда сайлау науқанын 23 шетелдік байқаушы бақылайтын болады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда сайлау науқанын 23 шетелдік байқаушы бақылайтын болады

9 Июня 2019 (10:37) | 1344 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

 

 

Маңғыстау облысында Президент сайлауын қадағалайтын 23 шетелдік байқаушының арасында ЕҚЫҰ өкілдері мен ТМД елдері азаматтары бар.

 

Ресейдің Ростов, Астрахань облыстары мен Татарстаннан келген байқаушыларға Маңғыстау облыстық орталық сайлау комиссиясының төрағасы аккредитациялық куәлік табыстады

 

Баспасөз мәжілісіне қатысқан байқаушылар өз пікірлерімен бөлісті.

 

-Менің қонақжай қазақ жеріне алғаш рет келуім. Мен үшін сайлау науқаны, дауыс беру барысы өте қызық болмақ. Теледидардан да сырттай бақылап жүрмін. Бәрі әділ және ашық түрде өтеді, пайдалы тәжірибе жинаймын деп ойлаймын,- деді Ростов облысының сайлау комиссиясы кеңесшісі Фирсов Анатолий Николаевич

 

Татарстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Надежда Петровна:

 

-Саяси шараға халықаралық байқаушылардың және өзге мемлекет өкілдерінің қатысуы - сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді. Біз Татарстаннан 6 адам келдік. Қазақстанның сайлау туралы заңымен толық танысып шықтық. Бір-екі сайлау учаскелерінің дайындығын көріп үлгердік. Барлығы тас түйін дайын, дауыс берушілерге жағдай жасалыпты. Енді Президент сайлауының заң шеңберінде өтуін жіті қадағалаймызй, - деді

 

Сондай-ақ, шетелдік байқаушылар шалғай аудандар мен кенорындарды және әскери бөлімшелердегі жабық сайлау учаскелерін аралайтын болады.

 

Суреттерді түсірген өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему