Ақтаудағы «Қала жолдары» ЖШС қызметкерлерінің кешіктірілген жалақысы төленетін болды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы «Қала жолдары» ЖШС қызметкерлерінің кешіктірілген жалақысы төленетін болды

15 Мая 2019 (21:01) | 3081 | Автор: Нурганым Имашева

Бұдан бұрын жергілікті БАҚ-та аталмыш мекеме қызметкерлері еңбекақыларының уақытылы төленбеуіне байланысты қызметтік міндеттерін атқарудан бас тартып, қала көшерілерін тазартуға шықпағаны туралы хабар таратылған болатын.

 

 

Осыған орай бүгін Ақтау қаласының әкімдігі «Қала жолдары» ЖШС-де жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне арнап брифинг ұйымдастырды. Баспасөз мәжілісіне Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әубәкіров Жангелді Елеусізұлы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев және «Қала жолдары» ЖШС директоры Қайрат Хайрушев қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

 

 

-2017 жылдың желтоқсан айында Ақтау қаласы әкімі қызметіне Ғ.Ниязов тағайындалғаннан кейін «Қала жолдары» ЖШС тексертіп, 2016-2017 жылдар арасында қордаланған 471 млн теңге қарызы бар екені анықталды.Қаланың тазалығын сақтау мақсатында белшесінен қарызға батқан мекемені сақтап қалу үшін мені директор етіп тағайындады.

 

 

Банкроттық жағдайда тұрған мекемеде 1245 адам жұмыс жасайды екен. Серіктестікті сақтап қалу мақсатында еріксіз үнемдеу режимінде жұмыс жасадық. Штат кестесі бойынша жұмысшы санын 1245-тен 797 дейін қысқарттық, шығындарды азайттық. Соның арқасында 471 млн теңге қарыздың 31 млн теңгесі төленді. Берешек тек 170 млн. теңге қалып отыр. Жұмысшылардың айлығын кішкене кешіктіргенмен айма-ай төлеп отырмыз. Басқаша жағдай болғанда бүгінде 800-ге жуық азамат жұмыссыз қалар еді. Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасымен жалақыға байланысты мәселе шешіліп, жұмысшылар жұмысына кірісті,- деп мәлімдеді «Қала жолдары» ЖШС басшысы Қайрат Хайрушев.

 

 

Директордың айтуынша, «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен облыс орталығының жасыл желектерін күтіп ұстау бойынша келісімшарт жасақтады. Бүгінгі күні қосалқы мердігерлік жұмыстар «Қала жолдары» ЖШС-не берілді. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін мекеме қызметкерлері бірінші кезекте қураған ағаштарды кесу, қаланың орталық жолдарындағы жасыл желектерді суару және күту жұмыстарын бастады.

 

Бүгін шағынауданішілік жасыл желектерді суару бойынша пәтер иелері кооперативтерімен меморандум кеңесі өтеді. Кеңесте шағынаудан ішінде өсіп тұрған тал-теректерді суару мәселесі шешілмек».

 

Брифинг барысында «Қала жолдары» ЖШС жұмысшыларының бірнеше күнге кешіктірілген жалақылары түстен кейін банк арқылы карточкаларына аударылатыны туралы айтылды.

 

 

Суреттер, видео автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему