Маңғыстаулық тәртіп сақшылары ″Халықаралық отбасы күні″ мерекесін атап өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары ″Халықаралық отбасы күні″ мерекесін атап өтті

13 Мая 2019 (14:21) | 2040 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция департаменті отбасылық институтын дамытып, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау аясында "Халықаралық отбасы күні" мерекесін атап өтті. Атаулы мерекеге орай полиция қызметкерлерінің отбасылары арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

 

 

Атап айтқанда, "Көңілді старттар" жарысы 3 этаптан тұрды: аналар арасында қол күресі, әкелер арасында гір тасын көтеру, отбасылық арқан тарту. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 1 орынға - Джамаловтар отбасы, 2 орынға - Амирбековтер жанұясы, 3 орынға - Исмайловтар отбасы ие болды.

 

 

Аналар арасында қолкүресі жарысынан 1 орынды иеленген Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің қызметкері Оразбаева Мақпал болса , 2-орынды Амангельдиева Гүлбану жеңіп алды, 3 орын - Дегениязова Шолпанға бұйырды.

 

 

Отбасылық командалар арасында өткен "Көңілді старттар" эстафеталық жарысында 1-орынды Дегениязовтар, 2-орынды Амирбековтер, 3-орынды Еділовтер отбасы жеңіп алды.

 

Әкелер арасында гір тасын көтеру сайысында 1-орын иесі - Амирбеков Руслан болса, 2 орыннан Джамалов Кемал көрінді, 3 орынға Дегениязов Нұркен тұрақтады.

 

 

Барлық жеңімпаздарды Департамент бастығы Таймерденов Қанат Даниярұлы құттықтап, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Марапаттау рәсімінен кейін барлық жарыцстарға қатысушылар дастарқан басына жайғасты. Шара жоғары деңгейде өтті.

 

Суреттерді түсірген Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему