«Үздік мемлекеттік қызметкер » конкурсына қатысушылар саны артып келеді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Үздік мемлекеттік қызметкер » конкурсына қатысушылар саны артып келеді

19 Апреля 2019 (12:53) | 1861 | Автор: Нурганым Имашева

Конкурсқа мемлекеттік қызметте өтілі бір жылдан кем емес, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Хакімбек Атадусов мәлімдеді.

 

 

Брифингке сонымен бірге, 2019 жылғы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының өңірлік комиссия мүшелері мен 2018 жылдың «Үздік мемлекеттік қызметшілері» Маңғыстау облысының жастар мәселесі жөніндегі басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов, Маңғыстау облысының қаржы басқармасының бөлім басшысы Рамир Алекберов қатысты.

 

Спикер, өңірлік комиссия мүшесі Айсұлу Қабышқызы өз сөзінде аталған конкурстың өткен жылы аймақта ауқымды әрі жоғары деңгейде өткенін жеткізді. Ол үшін Агенттікке және оның аумақтық департамент басшысына алғысын білдірді.

 

Айта кетейік, 2018 жылы облыс бойынша аталған конкурсқа қатысуға барлығы 27 үміткер құжат тапсырған. Оның 16-сы басқарма мен бөлім басшылары, 11 – бас мамандар. Сондай-ақ, өткен жылы еліміз бойынша 20 қатысушы жеңімпаз атанса, оның екеуі маңғыстаулықтар болды.

 

-Себебі, бір ғана облыстан 27 адам құжат тапсырып, 4-еуі республикалық деңгейге дейін жеткені, оның ішінде 2 үміткер жеңімпаз атанғаны үлкен жетістік, - дейді ол.

 

Сонымен қатар, өткен жылдың жеңімпаздары, «Үздік мемлекеттік қызметшілер» Бауыржан Тұяқов пен Рамир Алекберов конкурс кезіндегі өздерінің алған әсерлерімен, қызықты сәттерімен бөлісті.

 

-Дайындық өте жоғары деңгейде болды. Елордаға Нұр-Сұлтан қаласына аттанарда үлкен әрі ауыр жауапкершілікті сезіндік.

 

 

Себебі, Маңғыстаудың бізге артқан сенімі болды. Рамир екеуміз сол сенімді ақтап, елге абыроймен оралғанымызға қуанамыз. Бұл тек жеке біздің ғана жеңісіміз емес, бұл Маңғыстаудың жеңісі. Маңдай тер мен еңбектің, бізді дайындаған комиссия мүшелерінің де жеңісі, - деді Бауыржан Орынбайұлы.

 

Облыс орталықтарында және аудандарда өздерінің билбордта ілулі тұрған суреттерін көріп, ата-аналары мен достары, әріптестері мақтан ететінін жеткізді. Теледидар мен газеттерге қарағанда билбордтан көру ерекше екен дейді олар.

 

Комиссия мүшесі Аббат Жәңгірханұлы білімді, мол тәжірибелі конкурс жеңімпаздарын қызмет бабында жоғары, басшы лауазымдарына көтеру жөнінде аумақтық департамент басшысымен ұсыныс беріп, мүмкіндік алу жағын қарастыратындарын жеткізді. Себебі, оның айтуынша бұл басқа да мемлекеттік қызметшілер үшін, конкурс үміткерлеріне үлгі болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіледі.

 

Конкурс екі негізгі кезеңде өтеді. Олар, бірінші кезең - өңірлік деңгей, яғни облыстық, оны өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады. Ал екінші республикалық деңгейдегі кезең республикалық конкурстық комиссиямен өткізіліп, конкурс жеңімпаздары анықталады.

 

 

Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде өнірлік конкурстық комиссия құрылып, комиссия құрамы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің сәйкесінше аумақтық департаменттерімен бекітіледі.

 

Өңірлік конкурстық комиссия 9 адамнан және хатшыдан тұрады, комиссия құрамы сәйкесінше Агенттіктің аумақтық департаменттері жанында құрылады және Агенттіктің келісімі бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және өзге де тұлғалар қатарынан қалыптасады.

 

Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Агенттік жанынан Республикалық конкурстық комиссия құрылады. Қорытындысы және оның жеңімпаздарының саны Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.

 

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге орайластырылған.

 

Айта кетейік, 2018 жылы облыс бойынша аталған конкурсқа қатысуға барлығы 27 үміткер құжат тапсырған. Оның 16-сы басқарма мен бөлім басшылары, 11 – бас мамандар. Сондай-ақ, өткен жылы еліміз бойынша 20 қатысушы жеңімпаз атанса, оның екеуі маңғыстаулықтар болды».

 

Суреттерді түсірген өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему