Маңғыстау облысы тұрғындарының назарына!!!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы тұрғындарының назарына!!!

15 Апреля 2019 (09:38) | 1685 | Автор: Нурганым Имашева

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қарулары мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды сатып алу акциясы басталды.

 

 

-Аталған шараға Маңғыстау облысы бойынша республикалық бюджеттен 3млн. 838 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

 

Екі күнде облыстық ІІО азаматтардан 6 арыз түсіп, ерікті түрде 7 бірлік атыс қару, оның ішінде 2 ойық ұзын ұңғылы және 5 тегіс ұңғылы қару тапсырылды.

 

Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен тапсырған әрбір қарулар мен оқ-дәрілер үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіленіп отыр,- деп мәлімдейді осы ақпаратты біздің басылымға жолдаған облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қаруларды аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылданады.

 

- ойық ұңғылы автоматтарға – 252 500 теңгеге дейін,

 

- ойық ұңғылы винтовкалар мен карабиндерге – 126 250 теңгеге дейін,

 

- ойық ұңғылы тапаншалар мен револьверлерге – 101 000 теңгеге дейін,

 

- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 75 750 теңгеге дейін,

 

- жарақат салатын қаруларға – 25 250 теңгеге дейін,

 

- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 17675 теңгеге дейін,

 

- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 15 150 теңгеге дейін

 

- ойық ұңғылы оқ-дәрілеріне кал. 5,6 мм жоғары әр бірлігі үшін – 72,14 тенге,

 

- ойық ұңғылы қару оқ-дәрілеріне калибрі 5,6 мм әр бірлігі үшін – 21,96 тенге

 

сый ақы беріледі.

 

Заңсыз сақталған атыс қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз ерікімен тапсырған азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез-келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.

 

ҚР ІІМ Сіздердің осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.

 

МЕРЗІМІ 10 СӘУІРДЕН БАСТАП БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫ ТОЛЫҚТАЙ ИГЕРГЕНГЕ ДЕЙІН!!!

 

Мына телефондарға немесе келесі мекен-жайларға:

 

Ақтау қаласы ПБ-на (Ақтау қаласы 23 шағын аудан), КҚҚО (Ақтау қаласы 21 шағын аудан) тел: 47-45-69; 47-48-02 немесе жергілікті қала, аудан полиция басқарма, бөлімдеріне хабарласуға болады.

 

Суреттер tengrinews.kz, yujanka.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему