«Қаламқас» кен орнындағы өрт шыққан ұңғыма жойылуы мүмкін
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 21:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Қаламқас» кен орнындағы өрт шыққан ұңғыма жойылуы мүмкін

2 Апреля 2019 (10:23) | 2157 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Брифинг барысында «Қаламқас» кен орнында болған техногендік апатқа қатысты мәселелер талқыланды.

 

 

БАҚ үшін ұйымдастырылған іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Бақыт Иманбаев, «Ақ берен» «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының директоры Амангелді Қуаналиев, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директоры Бақытжан Хасанов, «Мұнай-газ ҒЖЗИ» АҚ бас директоры Олег Герштанский қатысты.

 

 Жақып Марабаев жиналғандарды осы жылдың 13 наурызында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты Қаламқас кен орнының күрделі учаскесінде ұңғыманың құрылысы барысында техногендік сипаттағы газ-су аралас табиғи бұрқақ шыққаны туралы хабардар етті. Наурыздың 13-24 күндері мамандар ұңғыманы күрделендірілген бұрғылау ерітіндісімен жуу, сондай-ақ грифондарды жою үшін жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізді. Қолданған шараларға қарамастан, 25 наурыз күні жер бетіне шыққан газ-су қоспасының ошағы жана бастады. Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдай департаментінің бастығы Қ.Б.Базарбаевтың басшылығымен ТЖ, экология, полиция, орталық мемлекеттік органдар, ҚМГ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СиБУ» ЖШС және Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерінен құрылған жедел штаб өрт ошағын ауыздықтау бойынша қажетті шараларды қабылдады. Төтенше жағдайды жою үшін 80-нен астам маман және 25 түрлі техника жұмылдырылды. Сөндіру барысында жану ошағын тасымалданатын лафеттік оқпандармен ауыздықтау үшін жұмыстар жүргізілді. 28.03.2019 ж. сағат 01.05-те №8237 ұңғымасы маңайындағы грифонда шыққан өрт ауыздықталды. Қазіргі таңда газ-су аралас табиғи бұрқақтың жер бетіне шығуы тоқтатылды және пайда болған грифондар жабылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, материалдық шығынның көлемі шамалы.

  

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев өз сөзінде пайда болған өрт – бұл Қаламқас кен орнын игеру жағдайына тән құбылыс екенін атап өтті.

 

 

-Әрине, біз қашанда осындай оқиғаларға дайын болуымыз керек – бұл үшін осы сияқты қауіп-қатерлер туындаған кезде уақтылы және сапалы әрекет ету бойынша арнайы регламенттер әзірленген. Мұндай жұмыстарға біліктілігі аса жоғары, өндірісті жете білетін және мол тәжірибесі бар мұнайшы-мамандар қажет екенін баса айтқым келеді. 8237 ұңғымадағы өртті ауыздықтау үшін еңбек еткен барлық әріптестеріме алғыс білдіремін. Олардың отбасы мүшелеріне айтарым – енді қауіп жоқ, уайымдамаңыздар, - деді Жақып Нәсіпқалиұлы.

 

Қазіргі кезде нысанда қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мамандар алдағы уақытта осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жан-жақты техникалық сараптамалар жүргізілетінін айтады. Сараптамалардың нәтижесі бойынша, Қаламқас кен орнының орталық бөлігіндегі ұңғымаларды жобалау кезінде бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы түзету шаралары қабылданатын болады. Қазіргі уақытта арнайы коммисия құрылды. Коммисияның шешімімен өрт шыққан 8237 нөмірлі ұңғы жойылуы мүмкін.

 

Бұл туралы біздің басылымға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему