Аналық алғыс
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аналық алғыс

14 Марта 2019 (09:18) | 1660 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының бір топ дәрігері бес жасар баланы өлім аузынан арашалап қалып, ақ жаулықты ананың алғысына бөленді.

 

 

Немересімен аман қауышқанына риза болған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Алтын Шәудірбаева ақ халатты абзал жандарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатын жолдапты.

 

Алтын Айтыманқызының айтуынша бес жасар немересі Нұрислам Мизамбай балабақшада жүрген кезде мұрнынан қан кетіп, үйге келген уақытта қан құсқан. Немересін мұндай жағдайда көрген Алтын Айтыманқызы жедел түрде Жаңаөзен қалалалық жұқпалы балалар ауруханасына апарған.

 

Баланың жағдайымен танысқан дәрігерлер баланы қалалық балалар ауруханасына жіберген. Ол жерде дәрігерлер тексеріп, қайтадан жұқпалы балалар ауруханасына жөнелткен.

 

-Жаңаөзендік дәрігерлер балаңыз көп қан жоғалтты, жағдайы қатаң деді. Дәрігерлер ақтаулық білікті мамандарға апарып көрсету керектігін айтып, бізді облыс орталығына жөнелтті. Немеремді қатаң жағдайда Ақтау қаласына алып келдік. Әуелі Алладан, сосын Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің біліктілігінің арқасында немеремізді өлім аузынан аман алып қалды.

 

Аяқтарына тік тұрып қарап, үлкен көмек көрсетті. Алғашқы отаны жасаған анестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановқа, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжан Сәрсенбайұлына,дәрігер Мереке Бекбаевқа басымды иіп алғыс айтамын.

 

Немереме екінші отаны жасаған хирургия бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Тумашевқа, білікті дәрігерлер Жәнібек Теміровқа, Құрман Қайрановқа, аға медбике Тамара Әділбаеваға, медбикелер Нағима Уразбаева, Бақыт Гүлбаршын, Гүлнар Оразова, София Берзиева, Таңсұлу Қараева, Айнұр Қосаяқоваға ризашылығымды білдіріп, аналық ақ алғысымды айтамын...

 

Қазіргі таңда немеремнің жағдайы жақсы, ұйқысы тыныш. Барлық дәрігерлерге зор алғысымды айта отырып, жұмыстарына табыс, дендеріне саулық, отбасы бақытын тілеймін,-дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Алтын Шәудірбаева.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему