Ақтаулық оқушы Түркиядағы «Kadir Has» университетінде  тегін білім алады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушы Түркиядағы «Kadir Has» университетінде тегін білім алады

12 Марта 2019 (16:24) | 1953 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы химия-билология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Ислам Шамханов «Шетелде білім алу» халықаралық олимпиадасында ең жоғары ұпай жинап, Түркияның алдыңғы жоғары оқу орындарының бірі саланатын - «Kadir Has» университетінде тегін білім алатын болды.

 

 

Ақтауда 11 сынып оқушылары арасындағы халықаралық олимпиадасын облыстық білім басқармасының қолдауымен осымен екінші рет «Compass Education» шетелдегі білім беру агенттігі өткізіп отыр. Оған Жаңаөзен қаласынан бөлек Ақтау, Бейнеу мен Түпқараған аудандарынан орта мектеп, ІТ-лицей, мектеп гимназиясы, Назарбаев зияткерлік мектебі, облыстық мектеп-интернатының оқушылары белсенді қатысты.

 

Олимпиадының бірінші кезеңінде 159 оқушы бақтарын сынап, ең жоғары ұпай жинаған 50 оқушы екінші кезеңге өткен болатын.

 

 

Нәтижесінде жеңімпаз деп танылған ақтаулық Ислам Шамханов Түркияның Стамбул шаһарындағы «Kadir Has» университетіне 100% тегін оқу грантын ұтып алып, алдағы 4 жыл тегін білім алады.

 

«Мен ІТ-мамандығы бойынша оқуға түсемін деп шешім қабылдадым. Жасыратыны жоқ, шетелде білім алғысы келетіндер аз емес. Мен барлығынан озып шығамын деп ойлаған есемпін. Әрине қуаныштымын. Біраз дайындалдым, ең бастысы нәтиже бар. Оқуымды ойдағыдай аяқтаған соң, ІТ-саласының білікті маманы болып шығатыныма сенімдімін. Мұндай мүмкіндік күнде беріле бермейді және осындай қуанышты хабарды естігенде алғашында өз өзіме сенбедім», - дейді ол.

 

Сонымен қатар, 25 оқушыға 50% жеңілдетілген стипендия тағайындалды. «Compass Education» шетелде білім беру агенттігінің директоры Айжан Құлжабаеваның айтуынша, халықаралық олимпаданы өткізудегі негізгі мақсат - облыстағы талантты жастарды әлеуметтік қорғау, әлемнің үздік оқу орындарына білім грантын тағайындау, сондай-ақ халықаралық деңгейде кадрларды даярлау арқылы адами капиталды дамыту болып табылады.

 

 

Ал грантты табыстауға келген шетелдік мейман, «Kadir Has» университетінің халықаралық кеңсе жетекшісінің міндетін атқарушы Арина Калинаның айтуынша, алғашқы 1-2 жыл студенттер үшін бейімделу кезеңі екендігі ескеріледі және оларға университет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілмек.

 

-Шыны керек, біздің оқу орны үшін Айжан Құлжабаева секілді білім саласындағы білікті маманмен ынтымақтастық орнату маңызды деп білеміз. Қазақстанда сауатты жастар өте көп, олар әлемнің көптеген елдерінде білім алуда, соның ішінде Түркияның өзінде білім алып жатырғандар аз емес. Енді олардың қатары Маңғыстаулық оқушылармен толығатын болады мен сол үшін қуаныштымын және шын жүректен құттықтаймын. Оқушылармен ауызша сұхбат болды, басым бөлімі қойылған сұрақтарға жақсы жауап қайтара алды. Жалпы болашақта Маңғыстау өңірінен шет мемлекеттерді бағындыратын студенттер саны әлі де арта түсеріне сенімдімін, - деді ол.

 

Халықаралық олимпиада қорытындысымен грант иегері Ислам Шамхановтан бөлек, байқауға қатысқан 15 оқушы 50% және 10 оқушы 25% оқу ақысы жеңілдетілген стипендиямен білім алу үшін Түркияға аттанбақ.

 

Айта кету керек, өткен жылы 100% жеңілдік, яғни тегін грантты Ақтау қаласындағы мамандандырылған экономикалық лицейінің 11-ші сынып оқушысы Ақмарал Амантұрдиева Стамбұлдағы «Sabanci University»-де тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған еді.

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему