Жаңаөзендік құтқарушылар экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған шарада басқосты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 11:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік құтқарушылар экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған шарада басқосты

10 Января 2019 (15:03) | 2091 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Терроризм мен экстремизм идеологиясы: жастардың ортасындағы қарсы әрекет мәселесі» тақырыбында басқосу өтті.

 

 

Шараға қатысқандар: Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы мешітінің бас имамы Маңғалбай Шахабуддин, Жаңаөзен қаласының ардагер ақсақалы Ізбас Бексары, Жаңаөзен қаласының қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі маман Данияр Баспаков, Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, Теңге ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің, сонымен қатар Қызылсай ауылы № 10 өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары және жеке құрамы.

 

Экстремизм мен терроризм мәнін әлеуметтік көрініс ретінде, олардың деструктивтілігі, заманауи өмірде біртіндеп үдеуі, сондай-ақ жастар ортасында таралмауын ескерту механизмдерін түсіндіруге қатысты мәселелерді талқылау өрт сөндірушілер арасында белсенді пікірталас ретінде орын тапты.

 

 

Мұндай шаралар жастарда экстреми зм мен терроризм идеологиясына деген беріктік және жағымсыз көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуға бөгет жасалып жатыр. Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді.

 

Дөңгелек үстел барысында терроризмнің діни, құқықтық және ақпараттық-ағарту аспектілері талқыланды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерге қатысты, діни-саяси экстремизмге қарсы әрекетте азаматтық қорғау органдарының рөліне талдау жасалды. Жиналғандарға ағымға бет бұрғандардың басым бөлігі ғаламтор әдістері арқылы тартылғандығы айтылды. Шынайы өмірде жеңілгендіктен, виртуалды желілерде белсенді түрде үгіт-насихаттарын бастады. Аталған топтың ұйымдастырушылары мейлінше әлсіз психикасы бар адамдарды іздестіріп, оларға психологиялық қысым көрсету арқылы жастарды өз қатарларына түсуге мәжбүр етеді.

 

 

-Басқосу жағымды әсерде өтті, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайында сөз етілді, сондай-ақ осы міндеттерді шешу жөніндегі мәселелер қарастырылды, - деп хабарлайды біздің басылымға бұл ақпаратты жолдаған Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему