Қоғам кеселімен күрес – баршаның міндеті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қоғам кеселімен күрес – баршаның міндеті

10 Января 2019 (12:46) | 1956 | Автор: Нурганым Имашева

Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп, отыр. Біздің елімізде де бұл кеселмен күрес шаралары тәуелсіздік алған күнен басталды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да қатты алаңдататыны анық.

 

 

Қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

 

Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілетігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілетіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептеледі.

 

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айлалып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдары қабылданып, жұмыстар атқарылуда.

 

«Жемқорлыққа қарсы күресу - жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз»,- деген еді Елбасы.

 

 

Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан, қауіпті індет сыбайлас жемқорлықпен көп болып күресейік.

 

Нұрсұлтан Абдираш азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы

 

Сурет автордыкі және syrboyi.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему