Жаңа жылға – жаңа міндетпен!
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа жылға – жаңа міндетпен!

2 Января 2019 (13:31) | 2172 | Автор: Нурганым Имашева

Ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларының еңбегі зор. Күн-түн демей, уақытпен санаспай қоғамдық қауіпсіздік үшін күрескен осы саланың мамандары абыройлы қызмет атқарып келеді. Олар өз міндеттерінің бірі – ел тыныштығын күзету, адам құқығын қорғау жолында аянбай, еңбек етуде. Рамиль Гасанов та бала күнінен полиция қызметінде болуды армандаған жандардың бірі еді.

 

 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бізге Рамилмен сұхбаттасудың сәті түсті.

 

Полиция қызметкері өз қызметі туралы былай деп баяндады:

-Мен Гасанов Рамиль 1991 жылы Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында дүниеге келдім. Осы жылы отбасымыз Қазақстан Республикасының Ақтау қаласына қоныс аударыпты. Қаладағы №16 мектепте онжылдық білім алып, Ш.Есенов атындағы заңгер колледжінің қазақ бөлімін бітірдім. Одан кейін 2011 жылы аталған университетке оқуға түсіп, 2015 жылы заңгер мамандығын алып шықтым.

 

2015 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарына қызметке келдім. Сөйтіп, бала күннен армандаған мамандықтын қыр-сырын меңгеруге күш салдым. Тәртіп сақшысы еңбек жолын учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарудан бастадым. Мектеп қабырғасында қазақ балаларымен дос болған маған тіл үйрену аса қиынға соқпады. Спортты сүйдім, күреске қатыстым. Таэквондадан жарыстарға қатысып, көк белдік дәрежесіне дейін көтерілдім. Спорттық шараларға үзбей қатысуым қазіргі қызметімде дене қимылымның ширақ та, мығым болуына үлкен көмегін тигізді. Әскери тәртіпке үйрену бұл тұрғыдан мен үшін қиын болған жоқ. Өйткені полиция қызметі шапшаңдықты, күшті болуды талап етеді ғой.

 

Учаскелік полиция қызметінде қызмет атқарған кезімде қазақ ұлтының азаматтарымен тек мемлекеттік тілде сөйлесемін, хаттамаларды қазақша толтырамын. Ұлтым – әзірбайжан болғанмен, қазақ, орыс тілінде еркін сөйлеймін. Ата –анаммен үйде қазақ тілінде де әңгімелесемін, өйткені мен қазақ елінде тұрамын ғой. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұстанамыз. Балалық шағымда қазақ балаларымен асық ойнап өстім. Біз туысқан халықтармыз, сондықтан әдет-ғұрпымыз ұқсас,- деп ағынан жарылды әзірбайжан жігіт.

 

2017 жылдан бері ол Ақтау қаласы Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы қызметіне ауысты. Жедел басқару орталығы инспекторының жұмысы бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдағы қауіпсіздікті жүзеге асырады. Күндіз-түні кірпік қақпай, көшедегі құқықбұзушылықтар мен қылмыстың жолын кесу бағытында жұмыстанады.

 

Өз әулетінен шыққан полицейді ата-анасы мақтан тұтады. Рамиль де қазақтың әндерін сүйіп тыңдайды. «Жалғыз аққу» әнін ерекше ұнатады. «Қазақ пен әзірбайжан ұлтының ән айту мақамы, дауыс ырғағы ұқсас келеді»,-дейді Рамиль.

 

Биылғы жылы полиция қызметінде көптеген игі істер кезек күтіп тұр. Қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктелуде. Солардың бірі - алдағы межелеген сынақтан сүрінбей өтіп, абыройлы еңбегімен көріну – алға қойған мақсатыма жеткенім деп түсінеді тәртіп сақшысы.

 

Отанына адал қызмет етіп, халқының тыныштығын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген полиция қызметкеріне алдағы уақытта да еңбегі жемісті болсын деп тілейміз.

 

Суретті ұсынған облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему