Маңғыстау облыстық филармониясы Ақтау тұрғындары мен меймандарын дәстүрлі өнер кешіне шақырады
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 21:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық филармониясы Ақтау тұрғындары мен меймандарын дәстүрлі өнер кешіне шақырады

5 Декабря 2018 (16:47) | 2895 | Автор: Нурганым Имашева

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде 6 желтоқсан күні сағат 19.00 - де Халықаралық «Мен қазақпын» мега жобасының гран -при жүлдегері, Қазақстан бойынша «Үздік термеші», «Жыл адамы-2017» Оспан Құлсымақтың «Сен - қазақсың» атты шығармашылық кеші өтеді.

 

 

Құлсымақов Оспан Халдымырзаұлы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам құмында 1989 жылы 16-шілдеде дүниеге келді. 1996-2007 жылдары Бейнеу ауданында орта мектепті оқып бітірді.

 

Жоғары білімді (ОҚО педагогикалық университетін «Білім және өнер») мамандығы бойынша тамамдаған.

 

Қазіргі таңда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі. Халықаралық, Республикалық жүлделердің жеңімпазы.

 

 

 

2017 жылы Халықаралық «Мен - қазақпын» мега жобасының бас жүлдегері.

 

2018 жылы Орталық құндылық - дәстүрлі жыршылық өнерін дәріптеуге атсалысқаны үшін алғыс алған.

 

2018 жылы “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай, “Сөз бен саз” жобасының 12-ші концертінің аясында “Отыз түрлі әнім бар” атты Мұнайлы аудандық дәстүрлі әншілердің кешіне қосқан үлесіне алғыс жарияланған.

 

 

 

2018 жылы “Астана-Арқау” Дәстүрлі Түркі музыкасының фестиваліне қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

 

Өнер иесі талғампаз Маңғыстау жұртшылығына жыр-термеден шашу шашып, көреременнің көңілінен шығу үшін шығармашылық кешінде барын салмақ ниетте.

 

Халқымыздың ұлттық құндылығынан нәр алып, дәстүрлі жыршылық өнерімен сусындау үшін бейсенбінің кешінде концертке келіңіз, ағайын!!!

 

Суреттер мен видеоны ұсынған М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему