Маңғыстаулық үш дзюдошы - Қазақстан чемпионы
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық үш дзюдошы - Қазақстан чемпионы

19 Ноября 2018 (12:17) | 3023 | Автор: Нурганым Имашева

Астана қаласында 13-16 қараша аралығында өткен дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында ерлер арасында Бауыржан Нарбаев дзюдодан Қазақстан чемпионы атағына ие болды.

 

 

Алтын алқа иесі Н.Тұрғынов (Түркістан облысы), Р.Аманханов (Павлодар), Е.Сұлтанбай (Алматы қаласы), Д.Сүйекенов (Алматы облысы) сияқты қарсыластарын жеңіп, соңғы кезеңде жастар арасында әлем чемпионы қызылордалық М.Шамшадинмен белдесті. Бес кездесуде де Бауыржан өзінің күші басым екенін дәлелдеп, жеңіс тұғырына көтерілді. Дзюдодан ересектер арасында өткен ел чемпионатында алғашқы алтынды аймақ қоржынына салған Бауыржанның жеңісін жалғастырған маңғыстаулық қос дзюдошы әйелдер арасында Қазақстанның чемпионы атағын иеленді. Олар - 63 келі салмақтағы спортшы Ақниет Тұрдан мен 57 келі салмақта күресетін Анна Казюлина.

 

 

Ақниет Тұрдан бірінші кезеңде оралдық дзюдошыны тізе бүктіріп, екінші кезеңде ақтөбелік дзюдошыдан басым түсті,. Финалға дейін қос алматылық дзюдошы қызды жеңді. Ал финалда атыраулық спортшы Назгүл Құбашовамен кездесіп, алтын медаль мен Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды. Маңғыстау облысының қоржынын қыздар арасында екінші алтын медальмен 57 келі салмақтағы Анна Казюлина толтырды. Ол финалда тағы бір маңғыстаулық дзюдошы Камшат Қарасайқызымен белдесіп, А.Казюлина алтын медальдің, К.Қарасайқызы күміс медальдің иесі атанды.

 

Суреттерді ұсынған «Жас батыр» спорт мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему