Маңғыстау Кәсіподағының басшысы Қайрат Жанабеков Астана қаласына жаңа қызметке ауысты
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау Кәсіподағының басшысы Қайрат Жанабеков Астана қаласына жаңа қызметке ауысты

6 Ноября 2018 (15:33) | 3946 | Автор: Нурганым Имашева

Кеше «Кәсіподақтар үйінде» «Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қайрат Жанабековты Астана қаласына жаңа қызметке ауысуына байланысты әріптестері – аймақтағы түрлі саланың Кәсіподақ ұйымының төрағаларының құрметпен шығарып салуына арналған басқосуы өтті.

 

 

Жиналғандарға арнаған сөзінде Қайрат Құттыбайұлы:

-Сіздермен үш жыл бойы бірге жұмыс жасадық. Маған осы уақыт аралығында қолдау көрсеткен үлкен ағаларымызға алғысымды білдіремін.

Маңғыстау облысының Кәсіподағы деген – мынау отырған Имекеңдер кезінде көп еңбек сіңірген 45 жылдық даму тарихы бар, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің үлесін қосып келе жатқан, бүгінде 85 мың адамның басын біріктіріп отырған үлкен күшке ие ұйым. Киелі Маңғыстауға келіп, сіздермен қоян-қолтық жұмыс істегеніме қуаныштымын.

Жаңа облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым. Ол дегеніміз – жалғыз маған ғана көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар өңірдегі Кәсіподақтың еңбегіне берілген баға деп ойлаймын.

Сіздерге баршаңызға бірлесіп атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіру мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз,- деп атап өтті.

 

Жиынды әрі қарай жалғастырған «Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Киікбай Мыңбайұлы Жаулин Қайрат Жанабековтың Маңғыстау Кәсіподағының өркендеуі жолындағы еңбегін, азаматтығын, адамгершілігін атап өтіп, аймақ басшысы Е.Тоғжановтың Қайрат Құттыбайұлынының іскерлігіне, Кәсіподақ төрағасы ретінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан мол үлесіне, атқарған қызметіне берген оң бағасына тоқталып өтті.

 

 

Бұдан соң облысымыздағы кәсіподақ жұмысының беделінің өсуіне, дамуына үлкен үлес қосқан, облыстық кәсіподақтар кеңесін 18 жыл бойы басқарған, бүгінгі күні «Ақтау қаласының құрметті азаматы», «Құрметті зейнеткер», «Құрмет» ордені және бірнеше медальдардың иегері Айналиев Имамади Әлиұлы сөз кезегін алды:

-Құрметті әріптестер! Өмірдің заңы – кездесу мен қоштасу. Өмірде мұндай ауыс-түйістер болып тұрады, сондықтан әркім әр жерде із қалдырады, жұмыс істеп, елге қызмет етіп, сондықтан да бүгінгі біздің кездесуіміз - Қайрат Құттыбайұлына рахметімізді айту.

 

Осы отырған баршаңыз да өлкедегі Кәсіподақ жұмысына атсалысып, қолдау білдіріп, еңбек етіп жатырсыздар. Кәсіподақ жұмысы дегеніміз – әлеуметтік сала. Ол - адам өмірінің ең маңызды мәселелерін шешу.

 

Ал Қайраттың қызметіне тоқталар болсам. Сенің болашағың алдыңда, осы киелі Маңғыстауға келгеннен бері біраз жұмысты тыңғылықты атқардың. Біздің салған жолымызды жалғастыра отырып, облыс Кәсіподағының өркендеуіне жаңа леп қостың. Жастарды Кәсіподақ жұмысына көбірек тартумен жаңа серпін бердің бұл салаға. Жастармен көп жұмыс жасадың, абыройың өсті. Жастардың арасында және жергілікті биілік өкілдерімен – әкімшілікпен қоян-қолтық жұмыс істедің, мұны бәрі де біліп отыр.

 

Сендердің жақсы игілікті істеріңді көріп мен әркез қуанып отырамын,- деген бүгінде 82 жастағы ақсақал, Кәсіподақ қызметінің ардагері Қайрат Құттықбайұлына: «Болашағың жарқын болсын! Абыройлы бол! Мен сенің жұмысыңа ризамын! Әркез ақыл сұрап, менімен кеңесіп, ақылдасып отырасың, ол сенің көрегенділігің деп білемін. Қайда жүрсең де 362 әулиелі қасиетті өлкені ұмытпа. Аман бол!» -деп  ақ батасын берді.

 

Осыдан соң сөз тізгінін алған облыстағы мәдениет саласы қызметкерлері  кәсіподағының төрағасы, Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының директоры Н.Мұқанов Қайрат Құттыбайұлының адамгершілік қасиеттеріне, кішіпейілділігіне, білімділігіне, іскерлігіне, облыс Кәсіподақтарының өркендеуіне қосқан үлесіне баға беріп, ризашылығын білдірді. Маңғаз Маңғыстау өлкесінің тарихы мен мәдениеті туралы әңгімелер жинақталған құнды кітапты естелікке сыйға тартты.

 

Жиында сөз алған өзге де бірнеше бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да Қ.Жанабековке бірлесіп атқарған еңбегіне алғыстарын білдіріп, алдағы қызметіне табыстар, жетістіктер мен сәттіліктер, отбасына бақыт, құт-береке тіледі.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему