Ақтаулық Наргиз Арыстан Түркия елінде өткен халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 21:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық Наргиз Арыстан Түркия елінде өткен халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды

8 Октября 2018 (16:44) | 2467 | Автор: Нурганым Имашева

1-8 қазан аралығында Түркия елінде балалар шығармашылығын дәріптейтін 12-ші халықаралық «TV START & start mini model´s» фестивалі өтті.

 

 

Фестивальға 10 елден 50 бала түрлі номинацияда қатысты. Түркия, Ресей, Болгария, Украина, Румыния, Солтүстік Африка, Албания, Азербайжан және Қазақстаннан келген талантты балалар 8 күн ішінде түрлі номинацияда өнер көрсетті.

 

Өнерпаздар арасында Ақтау қаласынан №11 мектептің 5 г сынып оқушысы Наргиз Арыстан қатысты. Наргиз 1 жыл көлемінде балалар шығармашылығымен айналысатын «ДАМУ медиа мектебінде» қосымша дәріс алады.

 

Ол орталықта ораторлық, актерлік шеберлікке, камера алдында жұмыс жасауда 1 жыл ішінде әбден төселіп, не де болса өз күшін сынап көрмек болып барған.

 

ҚР журналистер одағының мүшесі, Даму медиа мектебінің директоры Гүлнұр Жадрина әділқазылар алқасында мүше болған.

 

 

Айтуынша, конкуренция өте мықты. Әр елден жиналған мықтылар арасында үздік болу оңайға түспеген. 3 тілде сөйлеп, оқиға орнынан репортаж жасап, сахнада да жүргізуші ретінде жұмыс жасаған «ДАМУ медиа мектебінің» оқушысы Наргиз Арыстан 1 орынға ие болды.

 

Бұл тек Маңғыстаудың емес, Қазақстанның жеңісі. «Даму Медиа мектебінің» директоры Гүлнұр Жадринаның айтуынша, «Бар мақсаты - қазақ балаларының дарынды, жан-жақты, өнерлі екенін бар әлемге паш ету».

 

Енді 2 оқушымызды Францияның Париж қаласында өтетін халықаралық сайысқа дайындап жатырмыз. Сондай-ақ, 1 қараша күні «Даму Медиа мектебінің» алғашқы туған күні. Осыған орай, Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында үлкен концерт өтеді. Дайындық қызу. Кешке арнайы қонақ ретінде танымал әнші Айдана Меденова келеді. «Даму Медиа мектебінің» алар асулары әлі алда. Бұл тек бастамасы».

 

 

Сондай ақ, Түркия елінде жеңімпаз атанған Ақтаулық Наргиз Арыстан Болгария елінде өтетін халықаралық фестивальға арнайы шақырту алды.

 

Қазақ елінің абыройын асқақатқан жас талант иесі Наргизді, ұстазы - «Даму Медиа мектебінің» директоры Гүлнұр Жадринаны және жүлдегер жас таланттың ата-анасын Халықаралық сайыстағы жеңісімен қызу құттықтаймыз!

 

Кішкентай өнерпаздың өнер әлемінде биік белестерді бағындыра беруіне, мерейінің үстем болып, жұлдызының әрдайым жоғарыдан жарқырауына тілек қосамыз.

 

Суреттерді ұсынған «Даму Медиа мектебі»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему