Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері

9 Июля 2018 (22:15) | 6322 | Автор: Нурганым Имашева

Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу және жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болу керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. ҚР «Азаматтық Кодексінің» 15-бабының 1-тармағына сәйкес, азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын да қоса алды.

 

 

Азаматқа туылған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздері келісіп шешеді.

 

Некесіз туылған балаға әкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі. Біздің елімізде 1998 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере отырып, баланың тегін әкесінің атымен атау мүмкіндігі беріледі.

 

Қазақстан Республикасының азаматтарының фамилиясы мен әкесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26 қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.

 

 

Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісі нақтылай түседі.

 

Өмірде аты, фамиилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді. Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәландыру мәліметтер нақтыланады.

 

«ҚР Азаматтық Кодексінің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді-мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалады. Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Дей тұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінше жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кезедеседі.

 

Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.

 

 

Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

 

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.

 

Біздің білуіміз бойынша тұлғаның екі категорисы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, толып жатқан ұйымдар және т.б. құқық пен міндеттердің иелері.

 

Жібек Жанжигитова «ГМ-172/10 мекемесінің» арнайы бөлім бастығы әділет майоры 

 

Суреттер Tengrinews, Жезказган сегодня, Zakon.kz, Алаш айнасысайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему