Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 188 қылмыстық факті тіркелген
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 17:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 188 қылмыстық факті тіркелген

21 Июня 2018 (22:12) | 2169 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы (облыстық наркологиялық диспансер және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы), облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткімен күрес басқармасы бірлескен түрде бүгін жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

 

 

Аталмыш шара елімізде жыл сайын маусымның 26-сы күні аталып өтілетін «Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне» орай өткізілді.

 

Облыстық наркологиялық диспансерде өткен жиынға БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беруге Маңғыстау облыстық наркологиялық диспансер директорының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Мамбеталиева Гүләйім Тулешқызы, облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Будайчиев Камиль Абдуллаұлы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Бану Ұзақбаева қатысты.

 

 

Маңғыстау облыстық наркологиялық диспансері директорының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүләйім Мамбеталиеваның айтуынша, «Облыс көлемінде бір ай көлемінде оқу орындарында, жастар арасында, әскери бөлімдерде, жазғы демалыс лагерлерінде есірткіге қарсы күрес айлығы аясында оқыту семинарлары, дәрістер ұйымдастырылып, видеороликтер көрсету арқылы жаңа есірткі түрлерінің жас адамның ағзасына тигізер зияны, наркоманияның қоғамға келтірер кесірі мен есірткіні қолданған кез-келген адамды құлдырататын оның кері әсері туралы түсіндіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді».

 

-Өткен бес ай аралығында аймақта 1233 есірткі қолданушы тұлға анықталып, есепте тұр, 23 адам емдеуден өтіп, 61 адам – ремиссиямен есірткі қолданушылар тізімінен алынып тасталса, облыста 509 адамның тамыр арқылы есірткі қабылдайтыны анықталып отыр.

 

Есірткі қолданушылар екі түрлі жолмен емделеді, олардың бірі  - өз еркімен емделсе, ал екіншілерін- мәжбүрлеп емдеуге тура келеді. Соңғыларын біздің еліміз бойынша есірткіге тәуелділіктен емдейтін Павлодар қаласындағы Орталыққа жіберіп отырамыз.

 

Былтырғы жылы 1385 адам есірткі қолданушы ретінде есепте тұрды. Ең көп нашақорлар тіркелген облыс бойынша - Ақтау қаласы болса, мұнда 792 адам есепте тұр, екінші орында – Жаңаөзен қаласы,ал үшінші орында – Мұнайлы ауданы облыс бойынша ең көп нашақор тіркелген аудан боп тұр- дейді Гүләйім Тулешқызы.

 

 

Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры КамильБудайчиевтің айтуынша, «Жыл басынан бері облыс көлемінде есірткімен байланысты 188  құқықбұзушылық фактісі тіркелген, соның 50-уі қылмыстық фактілер болып табылады.Оның 43-і есірткі саудасына қатысты қылмыстар.

 

Былтырғы жылы осы мерзімде есірткіге қатысты 153 құқықбұзушылық анықталса, биыл ол 27 фактіге көбейген. Есірткімен күрес аясында аталмыш орган қызметкерлері көңіл көтеру орындарында, жастар жиналатын жерлерге ұдайы рейдтер ұйымдастыруда».

 

 

-Заңсыз айналымнан 89 кг 851 г есірткілік заттар алынып тасталды, оның ішінде героин – 553,8 г, марихуана – 89 кг, гашиш – 186 г.

 

Екі есірткі қолданушылар ордасы жойылды, материалдар сот органдарына жолданды,- деп мәлімдеді Камиль Будайчиев.

 

Оның айтуынша, 26 маусым күні сағат 15-00 де Ақтауда қаласының 6 шағынаудандағы «Жастар үйі» алдында «Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне» орай жасөспірімдер мен жастарға арналған үлкен шара ұйымдастырылып, есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

 

Профилактикалық шараның мақсаты – жас ұрпақты есірткіге құмарлықтан сақтандырып, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу. Сол күні облыстық наркологиялық диспансер дәрігерлері жастар арасында ақысыз кеңес берулерді ұйымдастырып, нашақорлықты анықтау бойынша тегін тестілеу әдісін ұсынады.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему