Тәртіп сақшыларына арналған психологиялық тест ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіп сақшыларына арналған психологиялық тест ұйымдастырылды

18 Мая 2018 (09:42) | 3115 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ІІД Заңсыз көші-қонмен күрес арнайы жеке ротасының 15 қызметкерінің қатысуымен ІІД-нің психолог мамандары «Ұжымдағықарым-қатынасты қалыптастыруға арналған» бағытындағы тренинг жаттығуларын өткізді.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға облыстық ІІ Департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.

 

Тренинг барысында қызметкерлердің кәсіби-психологиялық даярлығы және жеке құрамның кәсіби қызметін психологиялық қамтамасыз ету бойынша «Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу», «Профайлинг», «Кикілжіңнің алдын алу жолдары», «Экстремалдық жағдайларға қарсы төтеп бере білу» тақырыпта түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жан-жақты кеңестер берілді.

 

 

Тренингтің мақсаты: Қызметкерлерді бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеп, жағымды қарым-қатынас орнатуға және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағыттау болды.

 

Тренингтің жүру барысы таныстырылды. Қызметкерлерге «Сезін», «Сезін», «Пойми меня», «Шырмауық», «Сенім», «Кері қатынас», жаттығулары жүргізілді.

 

 

Маңғыстау облысы ІІД КЖБ инспектор-психологы полиция аға лейтенанты Ақылбек Айдарбаев:

-Қызметкерлерге басшының жеке тұлғасына тән маңызды қасиеттерін, дағдылары мен біліктілігі жөнінде мағлұмат берілді. Стратегиялық ойлау, ұйымдастыру қабілеті, коммуникация, сыртқы байланыс, қарым-қатынас дағдылары, басшылық стилі, жұмыс сапасына көңіл аудару мен мадақтау, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және т.б. осы қасиеттердің барлығы басшыға тән қасиеттер екендігі айтылды,-деген пікірін білдірді..

 

 

ІІД Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Өткізілген жаттығулардың бірі «Сәлемдесу». Мақсаты: өздеріне берілген әр елдің сәлемдесуі арқылы бір-бірімен амандасып шығулары керек.

«Танысу» мақсаты: бір-бірін жақсы тани білу, ашықтық, сенімділіктің деңгейін арттыру, топта бірауыздылық орнату.

«Сезін» Мақсаты: төзімділікке, шыдамдылыққа, қабылдауға және сезіне білуге  үйрету.

 «Пойми меня»- жаттығудың мақсаты: есте сақтау, ойлау, екінші бір адамға жеткізе білу және өз ойын толықтыра білу.

«Шырмауық» Мақсаты: команданы қалыптастыруға арналған.

«Сенім» Мақсаты: қызметкерлердің бір-біріне деген сенімділігін орнату.

 

 

Қорытынды жаттығу «Кері қатынас» Мақсаты: қорытындылап өз ойларын ортаға салу, өмірде алған тәжірибелерімен бөлісу.

 

Жалпы тренинг барысында қызметкерлер өздерінің жеке басының қасиеттерін тани білді. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатып, терең танысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Қызметкерлер треннинг соңында өздерін жеңіл сезініп, жақсы, көтеріңкі көңіл күймен ұйымдастырушылыққа, қарамағындағылармен өзіне сенім білдірген адамдарға жауапкершікпен қарап, тренингте саналы түрде сезіне білу түйсіктерін айқындай түсті».

 

Суреттерді түсірген облыстық ІІ Департаментінің Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему