Табиғат аясындағы ұжымдық демалыс
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Табиғат аясындағы ұжымдық демалыс

14 Мая 2018 (09:08) | 3600 | Автор: Нурганым Имашева

«КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының Баспасөз қызметінің жабарлауынша, «7 мамыр –Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелерін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалының ұжымы Ақтау қаласынан 64  шақырымда орналасқан  «Көк айлақ» жерінде атап өтті».

 

 

Каспий теңізінің жағасындағы табиғаты керемет жерде арнайы палатка тігіліп, спорттық жарыстар өткізілді. Ұжым мүшелері үшін ұйымдастырылған демалысқа 50-ге жуық Маңғыстау филиалының қызметкерлері мен бұрынғы құтқарушылар, бүгінгі еңбек ардагерлері қатысты. 

 

Табиғат аясындағы  ұжымдық демалыс филиалдың мәдени-көпшілік  секторы мен кәсіподақ  ұйымының ұйымдастыруымен  алғашқы рет өткзіліп  отыр. Мамырдағы маңызды мерекелермен құтқарушыларды теңіз жағасында  «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Серік Қадырмағанбетов құттықтады.

 

 

7 мамыр – Отан  қорғаушылар  күні  және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күндері - мемлекеттік мейрамдарымыз құтты болсын! Қос мерекенің орны бөлек. Елімізде ешқашан  соғыс өрті тұтанбағай, жас ұрпақтың болашағы жарқын болғай! Құрметті құтқарушылар, сіздердің жауапты қызметтерінізге табыс, күш-жігер тілеймін!-деді «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалы директорының орынбасары С.Қадырмағанбетов.

 

Табиғат төсіндегі ұжымдық демалыс барысында спорттық сайыстар өткізіліп, концерттік  бағдарлама  ұйымдастырылды. Ақ дастархан басында құттықтауларға  кезек беріліп, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Солардың бірі - Жаншиев Аманжан Ахметұлы «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ұңғыларды газмұнайсудың ашық атқыламаларын жою, ашық атқыламаға қарсы және стандартсыз жабдықтарды қолдану, техногендік төтенше жағдайларда әртүрлі  құрылғаларды  қолдануда  тәжірибесі мол құтқарушының жастарға айтары көп.

 

 

Демалыс керемет ұйымдастырылған. Зейнеткер болсақ та, бізді ұмытпай, табиғат төсінде құрмет көрсетіп жатқан «КӘАҚҚ» Маңғыстау филиалының басшылығына ризашылығым шексіз! Жауапты да қиын қызметте үнемі жауынгерлік даярлықта жүретін   құтқарушыларға  мұндай  демалыстар  қажет-ақ,-дейді еңбек ардагері А. Жаншиев.

 

 

-Маңғыстау филиалында жұмыс істегеніме 24 жыл болды. Бірақ, мұндай ұжымдық демалысты алғаш рет көріп тұрмын. Туған жердің табиғаты аясында, Каспийдің жағасында құтқарушылар суға түсіп, тау-таспен танысуға мүмкіндік  алды.  Мерекені  бұлайша атап өту - ұжымға деген құрмет деп түсінемін,-деді «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының бөлімше командирі Ш.Өтегенов.

 

Каспийдің жанға жайлы жағасында өткен шара барысында ардагерлерге сыйлықтар ұсынылып, кәсіподақ мүшелігіндегі жігіттер қауымына 15 мың теңге көлемінде сертификаттар тапсырылды. Маңғыстаулық құтқарушылар ұжымдық демалыстан жоғары көңіл-күймен оралды.

 

 

Суретерді түсірген «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему