Мерген қыздар – мергендіктерін сынап көрді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мерген қыздар – мергендіктерін сынап көрді

5 Марта 2018 (10:18) | 5616 | Автор: Нурганым Имашева

Көктем мезгілімен қатар келген қыз-келіншектер, аналар мерекесіне орай  науыр айының 3 күні Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Таймирденов Қанат Даниярұлының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы ішкі істер органдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында «Мерген қыздар» сайысы ұйымдастырылды.  Бұл сайысқа ішкі істер департаменті басқармаларынан 26 қызметкер қатыстырылды. Оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған сайыста нәзік жандылар өз біліктілігін  сынға салды.

 

 

Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Таймирденов Қанат Даниярұлының бұйрығына сәкес 8 наурыз  халықаралық әйелдер мерекесіне орай осындай мерген қыздар арасында сайыс ұйымдастырып отырмыз. Сайыс  Макаров тапаншасы бойынша екі жаттығудан өткізілуде, яғни статикалық, тактикалық, - деді  арнайы даярлық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Аққозиев Ермахан Шермаханұлы.

 

Бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар Ішкі істер департаментінің қызметкерлері  айына екі рет осы ату даярлық сабағынан өтіп, жаттығып, тәжірибелерін шыңдап  тұрады.

 

Департамент бастығы әйелдер мерекесіне орай қызықты сайыс өткізіп жатыр. Біздер үшін, қыздар үшін бұл керемет сайыс болып отыр. Ішкі істер органында қызмет атқаратын болғандықтан біздер қандай тәуекелге де дайын болуымыз керек. Бірінші рет қолымызға қару ұстап тұрған жоқпыз. Біз үшін қолымызға қару алу үйреншікті жағдай. Сол үшін мерген қыз атануға әрқайсысымыз тырысудамыз, - дейді ІІД штаб басқармасының бөлімше бастығы,  полиция майоры Көкенова Ақмарал Жанысбайқызы. 

 

 

Бір қызығы ату даярлық сабағында көрсетілген жаттығуларды  әйел қызметкерлер тез меңгеріп алады екен. Өйткені олардың саусақтары басу шүріппесіне  өте икемді,- дейді Ермахан Шермаханұлы. 

 

Мерген қыздар сайысына қатысушылардың бірі  ІІД  анықтау басқармасының аға анықтаушысы Баян Кащиева бұл сайысқа  бірнеше рет қатысып, үнемі алдыңғы қатарлардан көрініп жүрген ару. Ол өзінің жетістігінің құпясын былай жеткізді: 

  

Қазақстан Республикасының ішкі істер министірлігінің 127-ші бұйрығына сәйкес ережелерді сақтаймын. Нысанаға қарап көздеп,  шүріппені баппен басамын. Одан басқа құпиясы жоқ.

 

Сайыстың қорытындысы бойынша мергендік танытқан қызметтер анықталды. Командалық сайыстан орын алғандар:

ІІД арнайы даярлық басқармасы

Жедел криминалистика басқармасы

ІІД Штаб басқармасы

 

 

Статикалық атудан ұпай жинап, ерекше көзге түскендер:

Евстегнеева Наталья, ІІД Штаб инспекторы;

Ибатулаева Айгерім, ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспектор психологы;

Кащиева Баян, ІІД Анықтау басқармасының аға анықтаушысы.

 

Тактикалық атудан уақыт жылдамдығынан көзге түсіп, жеңіске жеткендер:

Асалова Искра Жаңаөзен қалалық ІІБ Ювиналды полиция тобының инспекторы;

Ибатулаева Айгерім, ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспектор психологы

Кубегенова Балжан, ІІД Жедел криминалистика басқармасының инспекторы.

ІІД басшылығы мергендік танытқан аруларды марапаттады.

           

Қайнар: Маңғыстау облысы Ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему