Ақтаулық бизнес өкілдеріне ЖИТС – тің бизнеске әсері жоқ екені туралы түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 01:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық бизнес өкілдеріне ЖИТС – тің бизнеске әсері жоқ екені туралы түсіндірілді

19 Февраля 2018 (12:56) | 1554 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда «ЖИТС-тың   алдын  алу  және оған қарсы  күрес  жөніндегі  Маңғыстау  облыстық  орталығы» «Қазақстан  Республикасының  2017-2018 жж. бәсекеге қабілеттілігінің Жаһандық индексі туралы» және «АИТВ-ның бизнеске  әсері» индикаторы тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

 

 

Шара Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаеваның, кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Қоғамдық денсаулық  сақтау  Департаменті, өңірлік  кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің және Маңғыстау  облысының  бизнес-құрылымдары басшыларының  қатысуымен  өткізілді. Сонымен қатар жиынға бірнеше БАҚ өкілдері қатысты.

 

«ЖИТС-тың   алдын  алу  және оған қарсы  күрес  жөніндегі  Маңғыстау  облыстық  орталығы» директорының міндетін атқарушы Алмабек Қонарбайұлы Бисен басқосудың мақсаты жайлы:  

 

-   Бүгінгі  күнге АИТВ-инфекциясы бүкіл дүние жүзінде, республикада және  облыста өзекті   мәселелердің бірі. Қазақстан  өзінің   алдына ең дамыған отыз  елдің қатарына ену міндетін  қойып отыр. Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  ұлттық экономикалардың  рейтінгісімен  бірге, Бәсекеге қабілеттіліктің  Жаһандық  индексінің (БЖИ) нұсқасы  бойынша  2017-2018 жж. есебі  жарияланды. «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсерінің» көрсеткіші, жыл  сайын ақпан-наурыз айында өткізілетін бизнес  объектілері  басшыларынан тәуелсіз сауалнама жасау негізінде  бағаланады. Осы  көрсеткішті жақсарту  үшін АИТВ/ЖИТС-тың  алдын алу, АИТВ/ЖИТС-тың  бизнесті  жүргізуге әсері мәселелері жөнінде  әр  түрлі  саладағы  бірінші  басшылардың хабардарлық  деңгейін  арттыру қажет.

 

 

Соңғы  зерттеу  нәтижесінде, Қазақстан жалпы рейтінгте осы  көрсеткіш  бойынша  81-ден 100 орынға  төмендеді.   

 

«АИТВ-ның  бизнеске  әсері»  индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының  бәсекеге қабілеттілігі рейтингін  көтеру  және  жоспарланған 2017-2018 жж. арналған жоспарға сәйкес бизнес  құрылымдары басшыларының   арасында іс-шараларды орындау үшін бүгінгі кездесуді ұйымдастырып отырмыз, - депмәлімдеді.

 

Маңғыстау облыстық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаева «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсерінің» көрсеткіші бойынша еліміздің 100-ші орында тұрғанын атап өтіп, бұл көрсекіштің алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 позицияға төмендеп кеткеніне қынжылыс білдірді және осы мәселеге қатысты бүгінгі кездесу бизнес объектілерінің басшыларымен болып отырғанына тоқталды.

 

Орталық басшысы А.Бисен аймақтағы былтырғы жылдың ішінде анықталған АИТВ-инфекциясының таралуы туралы кеңінен әңгімеледі:

 

 

-2017 жылы облыста  АИТВ-инфекциясының 41 жағдайы анықталды, оның ішінде 27-сі  Қазақстан Республикасының  азаматы, 14 шетел  азаматы, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші (шетел азаматтарын алып тастағанда) - 4,3, 2016 жылы АИТВ-инфекциясының   32 жағдайы   анықталып, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы -27, анонимді -1, шетел азаматы - 4 және көрсеткіші - 4,3.

 

2017 жылы АИТВ-инфекциясы - 9 жағдайға өсіп отыр. 1994 жылдан  бері өсіммен 31.01.2018 жылға 271 АИТВ-инфекциясы анықталды,оның ішінде 14 жасқа дейінгі 3-і бала, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші – 43,2,  балалар  арасында – 1,4 құрайды.

 

Анықталған АИТВ-инфекциясы:ҚР азаматтары – 194 жағдай,  шетел  азаматтары – 74, азаматтығы жоқ адамдар – 1 және анонимді – 2.

 

Қазақстанда  АИТВ-инфекциясын  емдеу  тегін  және  мемлекетпен  кепілдік  берілгендігін  баршамыз  білуге  тиіспіз. АИТВ - жұқтырылған  адамдар өзінің  жұмыстас  әріптестеріне жұқтырмайды және ұжым үшін қауіп  төндірмейді.

 

Өйткені, АИТВ-инфекциясы ауа  арқылы, қол  алысқан және  құшақтасқан кезде, жалпыға ортақ  әжетхананы, лифтіні пайдалану кезінде және басқа да  қоғамдық  орындарда  берілмейді –деп түсіндірді.

 

Орталық директоры АИТВ жұқтырған тұлғалардың барлық құқықтары сақталуы тиіс, оларды қудалау  және, жұмыстан шығарудың заңсыз екенін айтып, бизнес нысандары басшыларының  инфекция жұқтырған қызметкерлерге қысым көрсетуі болмауы тиіс екеніне тоқталды. Кейбір бизнес құрылымдарының басшылары тарапынан Орталық мамандары семинар сабақтарын ұйымдастыруға ұмтылыс жасап, профилактикалық жұмыстар жүргізуді жоспарлағанда басшылар жұмыстың қауырт екенін айтып, қарсы болатынын тілге тиек етті.

 

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар Алмабек Қонарбайұлына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұщымды  жауап алды. Басшы сауалдарға жауап беру барысында шетел азаматтарынан АИТВ-инфекциясын жұқтыру анықталған кезде оларды депортациялау жасалғанмен, олардың кейбірі өздерінің аты-жөнін, құжаттарын өзгертіп, біздің елге қайтып келетінін айтып, алдағы уақытта шетел азаматтарын шекарадан өткізу кезінде бұл тұрғыдағы тексерістерді күшейту үшін қадамдар жасалып жатқаны жайлы айтып өтті.

 

Маңғыстау облыстық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаеваның сауалына орай, Алмабек Қонарбайұлы облыс аумағында тіркеуде тұрғанмен, қазіргі кезде таптырмай жүрген 5-6 АИТВ – инфекциясын жұқтырған сырқаттың тұрғылықты жерін анықтау бағытында көші-қон полициясымен бірігіп жұмыстар атқарылуда екенін, Орталық тарапынан диагностикалық жұмыстың өз деңгейінде жүргізіліп отырғанын атап өтті.

 

Ауру жұқтырған азаматтардың қоғамда еркін өмір сүруіне ешбір шектеудің жоқтығын, диагнозы анықталған ЖИТС жұқтырған сырқаттар уақытылы емін алып, анализдерін тапсырып, үнемі Орталық дәрігерлерінің бақылауында болатынын ескертті.

 

Сонымен қатар, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша  облыста 2 медицина қызметкерінен ЖИТС сырқатының анықталғаны белгілі болғаны туралы мәліметке орай, олар адамдарға процедуралық қызмет көрсетуден бөлек, тікелей қан анализін алу, егу сияқты қарым-қатынас жасамайтын бөлімдерге ауыстырылып, қызметтен шеттетілмейтінін де түсіндірді.

 

Кездесуге қатысқан өзге дәрігерлер де бизнес өкілдеріне ЖИТС-тің сондай кез-келген жерде жұға кететіндей қаупі бар сырқат деген қорқыныштан аулақ болу керектігін айтып түсіндіруге тырысты.  Қоғамда АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардан қашу, қорқу барын айтып, одан үркудің артық екенін түсіндіріп, тек әркім өзінің артық іс-әрекетіне, яғни кездейсоқ жыныстық  қарым-қатынасқа түсуден сақ болуын ескертті.

 

Ақтау қаласының 3 шағынауданындағы №170 ғимаратта орналасқан «ЖИТС-тың   алдын  алу  және оған қарсы  күрес  жөніндегі  Маңғыстау  облыстық  орталығы» АИТВ/ЖИТС сырқатын анықтауды тегін тексеру, экспресс әдіспен қан анализін алу арқылы жүзеге асырады. Орталықтың сенім телефоны 50 - 40 - 49.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему