Сапалы білім – саналы ұрпақ
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сапалы білім – саналы ұрпақ

10 Января 2018 (17:48) | 3802 | Автор: Нурганым Имашева

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 негізгі міндетті айқындап берді. Атап айтсақ, отандық индустрияға жаңа технологияларды енгізу, өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс жүйесін цифрландырып, озық бизнес үлгілерін игеру қажеттілігіне басымдық берілді. Соның ішінде жетінші негізгі міндетін, яғни адами капиталды жаңғырту негіздеріне назар аударылғаны бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі.

 

«Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңасапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет», делінген Елбасы Жолдауында.

 

 

Елбасы жыл сайынғы ҚР халқына жолдаған Жолдауларында жалпы білім беру сапасын алға қоя отырып, педагогтардың білімін шыңдауды басты назарға алуды жоспардан тыс қалдырмайды. Болашақ ұрпақтың жан-жақты білім алуын әрдайым айтып отырады. «Күш – білекте емес, білімде» деген Елбасының сөзі осы орайда есімізге түседі. Сондықтан, болашақ ұрпағымыздың алдында педагог қызметкерлердің атқарар міндеті аса зор. Бұл міндетті әрбір ұстаз қуана, еш ауырлықсыз ынта-жігерімен құлшына орындайтынына мол сенімім бар.

 

Набат Новрузбаева,

«Арай» жекеменшік балабақшасының директоры.  Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему