Маңғыстау облысы ІІД сала ардагерінің отбасына көңіл айтады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ІІД сала ардагерінің отбасына көңіл айтады

10 Января 2018 (17:36) | 1830 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ІІД бастығы, Ардагерлер Кеңесі және жеке құрамы ішкі істер органдарында 35 жылдан астам уақыт қызмет еткен, зейнеткер

 

 

Досаханов Амангелді Төлебайұлының

мезгілсіз дүниеден озуына байланысты туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

 

Амангелді Төлебайұлы 1959 жылдың 15 наурызында Атырау облысы Мақат ауданында дүниеге келген.

 

Елге қызмет етуді мақсат еткен Амангелді Төлебайұлы 1980 жылы КСРО ІІМ басшы құрамын дайындайтын Шымкент арнаулы-орта милиция мектебіне оқуға түсіп, оны бітірген соң,1982 жылы Маңғышлақ облысының еңбекпен түзету мекемесіне жедел уәкілі болып тағайындалады. Міне, осы кезден бастап ол 30 жылдан астам уақыт ішкі істер саласында үздіксіз қызмет еткен.

 

Еңбек жолының көп бөлігін жедел іздестіру саласында атқарған Амангелді Төлебайұлының қызметтегі көп жылдық тәжірибесі ескеріле отырып,оған жауапты жұмыстарды атқару тапсырылды. Осы кезең ішінде Амангелді Төлебайұлы Қарақия аудандық ішкі істер бөлімін, Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасын, Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция, Өзіндік қауіпсіздік, Штаб басқармаларын және Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасын басқарды. 2013 жылдың қаңтар айында департамент бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалып, осы жұмысты зейнет жасына дейін абыроймен атқарды.

 

Амангелді Төлебайұлы қызмет барысында өзіне қарасты сала бойынша талап қойғыштығымен және ұйымдастыру қабілетімен ерекшеленетін басшы екенін көрсетті. Оның еңбек жолы Ішкі істер органдарындағы қызметтерін жаңадан бастаған жас ұрпаққа жарқын үлгі болып саналады. Ел алдындағы қызметі жоғары бағаланып, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «ІІО-ның ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», барлық дәрежелі «ІІО мінсіз қызметі үшін» медалдарымен, «Үздік қызметі үшін» кеуде белгісімен марапатталған. «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» атағының иесі.

 

Досаханов Амангелді Төлебайұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.

 

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қыметі

Суретті ұсынған Маңғыстау облысы ІІД

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему