40 000 теңге тұратын сақинаны жасырын жымқырған
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

40 000 теңге тұратын сақинаны жасырын жымқырған

7 Января 2018 (12:52) | 2207 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің  3-тармағымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) және  ҚР Қылмыстық Кодекстің 115-бабымен (қорқыту) сотталған Б-ның апелляциялық шағымы қаралды.

 

 

Онда сотталған Б. соттан өзіне қатысты жазаны өзгертіп, айыппұл немесе бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындауды  сұраған.

 

Б. Мұнайлы аудандық сотының үкімімен жоғарыда аталған баптар негізінде кінәлі деп танылып, оған 90  сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы және қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, 1  жыл 6  ай мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.                                       

 

                   

 

Сотта анықталғандай, сотталушы Б. Баянды-2 селосындағы  үйлердің бірінің ішіне заңсыз кіріп, үстел үстінде тұрған Қ-ға тиесілі бағасы 40 000 теңге тұратын сақинасын жасырын жымқырып, қысқа толқынды пеш пен DVD аппаратын ұрлап алып шығып бара жатқан кезде, оны С. көріп қалған. Сотталушы Б.  қысқа толқынды пеш пен DVD аппаратын үйдің кіре беріс бөлмесіне тастап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Нәтижесінде Қ-ға жалпы бағасы 40 000 теңге материалдық шығын келтірген.

 

 

Одан әрі, Б. өзінің қылмысын жасыру мақсатында өзінің ұрлық жасап жатқан кезде С-ның  көріп қалғанын біліп, С-ны өзінің үйінің ауласының ішінде мойнына сары түсті өзімен алып барған сыммен қылғындырып, «егер мені айтатын болсаң, өзіңді және қызыңды өлтіріп кетемін» деп қорқытып, дене жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

 

Сотта Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Б.-ға қатысты сот үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға  Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

 

Сурет автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему