Елбасы және Маңғыстау
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Елбасы және Маңғыстау

4 Декабря 2017 (14:15) | 2083 | Автор: Нурганым Имашева

1 желтоқсан –ҚР тұңғыш Президенті күніне орай Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде маңғыстаулық фототілші Серік Майемеровтың «Елбасы және рухы жаңғырған Маңғыстау» атты фотокөрмесінің тұсауы кесілді.

 

 

Көрмеде Елбасының Маңғыстау өлкесіне келген сапары кезінде аймақ тұрғындарымен емен-жарқын жүздесуі, өңірдің маңызды әлеуметтік және өндірістік нысандарының іске қосылуына қатысуы, ел ағалары және өлкенің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, мол үлес қосқан тұғырлы тұлғаларымен кездесуі сияқты тарихи сәттерден сыр шертетін фотосуреттер көрермен назарына ұсынылған.

 

Аймақ тынысын суреттері арқылы елге жариялап, кез-келген ұтымды сәтті, қас-қағым шақты қалт жібермейтін қырағы көз фототілші Серік Майемеровпен кездесіп, көрмеге қойылған фототуындылары туралы сұхбаттасудың сәті түскен еді.

 

Сол сұхбатты газет оқырмандарының назарына ұсынамыз.

 

-Алғашқы сауал: аталған фотокөрмені ұйымдастыру туралы идея қайдан, қалай туындап еді?

 -Жыл сайын 1 желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында осы тақырыпқа – Елбасының киелі Маңғыстау жеріне келген әр жылдардағы сапары кезінде түсірген біраз еңбектерімді елдің назарына ұсынсам деген өзімнің бір іштей ойым болатын. Сол ойымды Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлына айтқан кезімде ол бірден қолдау танытып, ойымды қуаттады. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов та бұл идеяны қызу қолдап, көрменің өтуіне ықпал етті. Сөйтіп, аймақ басшылығының тікелей қолдауына ие болған Елбасының әр жылдары Маңғыстауға келген сапарлары туралы баяндайтын 100-ге жуық суретті қамтитын ауқымды сурет көрмесі халықтың назарына ұсынылды.

 

-Көрмеге қойылған суреттерден көрермендер Елбасының Маңғыстауға қай жылдары келген сәттерін немесе осы сапарларға байланысты өңірдегі қандай тарихи кезеңдерді көре алады?

-Жалпы, фотокөрмені тамашалаған көзі қарақты көрермен Елбасының Маңғыстауға 1991 жылдан бастап  келген әр жылғы  сапарларының куәсі бола алады. Ол жерде сонымен қатар, 1992, 1993 жылдар және сол кездерден өзге Нұрсұлтан Әбішұлының 2000-шы жылдардан бергі Маңғыстау еліне сапарларының, 2015 - 2017 жылдар аралығындағы аймақтағы іске қосылған ірі өндіріс нысандары мен әлеуметтік нысандардың ашылу салтанаты,  халықтың әртүрлі өкілдерімен жүздесіп, әңгімелескен кездері және Каспий маңы елдерінің Президенттерімен «галстуксіз кездесу» сәттерінен сыр шертетін фотоларды тамашалай алады.

 

-Президенттің жанында үнемі көптеген көмекшілері, арнайы күзетшілері, тағысын-тағы көптеген адамдар жүреді. Солардың арасынан қиыннан қиыстырып дегендей, қиын қыстау жерлерде өзіңізге қажетті кадрды жасау үшін белгілі бір ептілік, тәжірибелілік, алғырлық сияқты қасиеттер қажет шығар фототілшіге?

 

 

-Әрине, Елбасыны қоршаған көптеген адамдар арасынан тез қимылдап, фотоға түсіріп үлгеріп, сәтті кадр жасау оңайға соқпайтыны рас. Ондай кездерде бір ғана сәтті кадрды алуың үшін бірнеше рет түсірген суреттен ілеуде біреуі ғана сәтті шығуы мүмкін. Сосын ол жерлерде оқыс қимылдап, біреуге байқаусызда қолың тиіп кетіп немесе сенің қимыл-қозғалысың әлдекімдерге ыңғайсыздық туғызуы деген мүлдем болмауы тиіс. Егер ондай оғаш қимыл жасасаң, сол жерден шығарылып жіберуің де ғажап емес.

 

Президентті жақын жерден көру немесе ол кісінің қолын алу – көп адамдар үшін арман болуы мүмкін. Дегенмен, Елбасы жүрген жерге жақын бару мүмкіндігі кез-келген жанға бұйыра бермесі анық. Ол кісінің жақсылығы деп ойлаймын өзім, мысалы Елбасы Маңғыстауға келген кезде ауа райы да шырайлы болып кететіндей, Айналаға нұрлы сәуле тарағандай болып кетеді.

 

-Фотокөрмеге қойылған суреттер арқылы Елбасының қандай қасиеттерін көрсетуді мақсат еттіңіз?

-Суреттерім арқылы Елбасының өз халқының келешегі үшін барын салып, тынымсыз еңбек етумен жүретін, болашақты бірнеше жылдарға алдыға болжауға тырысып, кемеңгерлік қасиеттерге тұла бойы тұнған тау тұлға, саяси аренада өзіндік үлкен орны бар мықты саясаткер, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жақсы түсінетін, қиын-қыстау кезеңдерде өз халқына қорған болып, елімізде ауызбіршілік пен татулықты ту еткен байсалды, парасатты тарихи тұлғасын көрсеткім келді.

 

-Маңғыстау тарихы парақтарының бір бөлігі болып табылатын суреттеріңізді ертеңгі күні облыстық өлкетану музейіне қойылатындай ұсыныс түссе, келісер ме едіңіз?

-Иә, ондай ұсыныстар болған бұған дейін де. Бұл жөнінде айтылды және солай болады алдағы уақытта. Мен сурет авторы  ретінде мұндай ұсыныстарға келісемін. Ел тарихына қатысты естеліктер, фотосуреттер халықтың игілігіне жаратылуы тиіс. Сонымен қатар, БАҚ – тағы жаңалықтардан хабардар болған аудандардағы тұрғындар, әсіресе, жастардың назарына фотокөрмені ұсыну үшін осы көрмені жылжымалы сурет көрмесіне айнлдыру туралы ұсыныстар түсуде қазір. Мерекеге орай кейбір іс-шаралардың мазмұнына сай, осы суреттерді көрсету үшін көрмені апаруға өтініш келіп түсті.

 

 

Бұл көрме осы мереке аяқталысымен   тоқтап қалмайды. Алдағы бірнеше күннен кейін елімізде тойланатын маңызы зор, мәртебесі биік мереке – Тәуелсіздік күніне дейін Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің 2 этажынан осы көрмені тамашалауға болады.

 

-Осы фотокөрмеге қойылған суреттеріңізбен республикалық немесе Халықаралық сурет көрмелеріне қатысу жоспарыңызда бар ма?

-Тәуелсіздік күніне арналған республикалық фотосурет көрмесіне бұған дейін де қатысқан болатынмын. Жалпы, бізде «Фотоөнер қоғамы» бар елімізде, мен соның Батыс аймағы бойынша басшысымын. Жыл сайын белгілі бір аймақты белгілеп аламыз да, фототілшілер болып бірігіп, Қазақстанның бір өңірін, соның ішінде тарихи орындарды суретке түсіруді дәстүрге айналдырғанбыз. Сол мақсатпен Жамбыл облысында, Петропавловск қаласында болдық.  

 

Сонымен қатар менің суреттерім Қытай және Моңғолия елдерінің кейбір журналдарында жарияланған болатын. АҚШ-та тұратын бір қандасымыз қазақылығы басым Маңғыстау өңірінің салт-дәстүрін көрсететін суретіңізді беріңізші деген өтініш жасады жақында. Ондағы мақсатын түсіндіргенде – Американың басылымында қазақи исі шығып тұратындай бір суретті жариялатып, Қазақ елінің өмір салтынан әлем жұртшылығы хабардар болсын деген ойы барын жеткізген болатын.

 

-Әсерлі сұхбатыңыз үшін алғыс білдіреміз сізге, Серік! Өнеріңіз өрлей берсін! Елдің алғысына бөленіп, шығармашылық шабытыңыз шарықтап, әрдайым мерейіңіз үстем болсын деген тілек білдіреміз.

 

Суреттерді түсірген Серік Майемеров.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему