Қылмыскер тиісті жазасын алды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 09:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қылмыскер тиісті жазасын алды

27 Октября 2017 (11:26) | 1947 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры С. Жұмағұловтың мәлімдеуінше, «Ақтау қалалық сотының 12.09.2017 жылғы үкімімен сотталушы «Л» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) және 297-бабының 2-бөлігінде (есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және есірткілік заттарды заңсыз өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

 

 

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында азамат «Л» бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, Ақтау қаласы, 11 шағын ауданда орналасқан үйге заңсыз еніп, жәбірленуші «Б»-ға тиесілі 2 608 000 теңге құрайтын бағалы заттарын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

 

 

Одан әрі, ағымдағы жылдың шілде айында Маңғыстау облысы ІІД-не азамат «Л»-тың қала аумағында есірткі заттарды заңсыз өткізіп жүргені туралы хабарлама келіп түсіп, тексеру барысында ақпарат расталып, 0,329 гр. құрайтын «экстрациондық опий» есірткі затын азамат «Ш»-ға заңсыз өткізген жерінен ұсталған, сонымен қатар «Л»-тың мекен-жайына тінту жүргізу барысында 0,0833 гр. құрайтын «экстрациондық опий» есірткі заты анықталып, тәркіленген».

 

 

-Қылмыстың аты – қылмыс. Ал оның артында халықтың қасіретіне апарып соғар қатер тұрса мүлде қол қусырып қарап отыруға болмайды. Қылмыспен күрес – шегірткемен күрес емес, күрмеуі көп күрделі іс екенін ұмытпауымыз керек,- деп ескертедіАқтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры С. Жұмағұлов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему