Маңғыстаулық мұнайшылар жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мұнайшылар жеңімпаз атанды

19 Сентября 2017 (19:21) | 1833 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Көкшетау облысының Зеренді ауданында өткен «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ қызметкерлерінің спартакиадасы аяқталды. Мұнайшылардың мерекесіне орай ұйымдастырылған жарыстан маңғыстаулық «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ОSК» командалары жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарды иеленді.

Кенорындары мен кеңселерде күні бойы қызмет ететін мұнайшылар бұл жолы «Сұңқар» спорт кешенінде бас қосты. Волейболдан өткен жарысқа алпауыт компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарамағындағы еншілес және бірлескен ұйымдарынан жасақталған 8 команда қатысып, бақтарын сынады.

Жарыста өрнекті ойын үлгісін көрсеткен «КазТранОйл» компаниясының командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынға «ОSК» командасы тұрақтады. Жүлделі үшінші орынға «Қаражанбасмұнай» АҚ командасы қол жеткізді. Бұл жолы команда құрамында мұнайшылар Б. Жайлаубаев, Р. Нұнов, Д.Сейтмағанбетов, Б. Тоқтасынов, Е. Бiләлов, А. Иманбаев, Ж. Әскербаев, Е. Базарбаев ойын көрсетті.

-Жарыс жоғары деңгейде өтті. 2012, 2016 жылдары Астана қаласында өткен спартакиадада үшінші орыннан көрінген болатынбыз. Биыл да сол жеңісімізді қайталадық. Туған жерімізге жеңіспен оралғанымыз үшін өте қуаныштымыз.

Жалпы, біздің мекеменің әрбір қызметкері спортқа әуес. Жыл сайын өткізілетін компания аралық спартакиадаға ұйымшылдықпен қатысу мұнайшылар үшін жақсы дәстүрге айналған.

Бұл жолы жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде жеңіске жетіп, ұжымымыздың намысын абыроймен қорғадық. Жалпы біздің мекеменің жігіттері мықты, қаласа бәріне де үлгереді. Жұмыс орнында тапжылмай еңбек етеді, жаттығу мен жарысқа да уақыт табады,-дейді «Қаражанбасмұнай» АҚ командасының капитаны Бекзат Жайлаубаев.

Жарыс жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың атынан дипломмен марапатталып, медаль, кубоктар табыс етілді.

Сондай-ақ спартакиадаға қатысушылар спорттың өзге де түрлері шағын футбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақтан сайысқа түсті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему