Ақтауда робототехника негіздеріне арналған оқыту курсы өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 14:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда робототехника негіздеріне арналған оқыту курсы өтті

17 Сентября 2017 (16:12) | 2178 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институтынан (ПҚ БАИ) хабарлады.

- Тамыз айының 14-і мен 26-сы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. 2 апталық 72 сағаттық курсқа облыс мектептерінен 28 мұғалім қатысты.

Курсқа қатысушы математика, физика және информатика пәнінің мұғалімдері екі модуль бойынша бірінші аптада «LEGO MINDSTOMS Education EV3» бағдарламасы бойынша, екінші аптада «Arduino» бағдарламасы бойынша курстан өтті.

Оқытуға қатысқан мүғалімдер робот құрастырып, оған жан бітіру техникасын меңгерді. Курсты Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-ның сараптау және мониторинг бөлімі басшысы, білікті маман, информатика пәнін жетік меңгерген, тәжірибесі мол ұстаз А.Елубаева өткізді, - дейді Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлімнің бас маманы Пернегүл ҚАРЖАУБАЕВА.

Бас маманның мәлімдеуінше, «Соңғы жылдары робототехника саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан қазіргі таңда білім кеңістігіне робототехника ғылымы саласын енгізу өте маңызды мәселе болып отыр».

Курсқа Маңғыстау ауданының А.Меңдалыұлы атындағы мектебінен келген информатика пәнінің мұғалімі Гүлсара Әбуова:

-Бірінші рет өткізіліп жатқан курстан аларымыз мол болды. Бұрынғы курстарға қарағанда бұл курс өте қызықты, тартымды өтті.

Екі апта біздер үшін бағдарламаларды толық меңгеруге молынан жетті деп айтар едім.

Курс жетекшіміз А.Елубаеваға алғысымыз шексіз. Тылсым дүниеге жан бітіруді үйрендік. Жаңа оқу жылын тың серпінмен бастап отырмыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему