Жұмыс нәтижесі талқыланды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 15:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмыс нәтижесі талқыланды

31 Июля 2017 (18:26) | 2447 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық соты бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын қорытындылады. Бұл туралы сот органының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы Нұрсерік Шәріпов арнайы қатысып, жұмыс барысымен танысты.

 

Іс-шара барысында аймақтағы судьялар Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында сот жүйесінің алдына қойған нақты міндеттердің жүзеге асырылу барысын талқылады.Сонымен қатар, алдағы уақытта сот әкімшілігін реформалау, судьялыққа үміткерлерді іріктеу, бітімгерлік келісімдері мен сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу туралы жұмыс бағыттары айтылды.

 

Жиынды ашқан Жақсылық Аланов алдымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында қойылған міндеттердің ұтымды түрде іске асырылып жатқанын атап өтіп, атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелерімен таныстыра келе, аяқталған істердің артып отырғанына тоқталды.

 

Маңғыстау облысы соттарында 2016 жылдың І жартыжылдығында барлығы 18 073 іс қаралып аяқталса, 2017 жылдың 6 айында барлығы 20 334 іс аяқталған (оның ішінде қылмыстық істер – 998, әкімшілік – 8425, азаматтық – 10911 іс). Апелляциялық тәртіппен 126 қылмыстық іс, 130 әкімшілік іс және 572 азаматтық іс қаралған. Осыған қарамай, 2016 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 2,5 пайыздан 0,4 пайызға жақсарған. Алайда, сот төрағасы кассациялық тәртіпте қайтарылған және өзгертілген сот актілері 2016 жылы 0,2 пайыз болса, биыл 1 пайызға өсіп отырғанын да жасырмады.

 

Ж.Аланов өз баяндамасында Маңғыстау облыстық соты биыл алғашқылардың бірі болып облыстағы жоғары оқу орны Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-мен, облыстық адвокаттар алқасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірлестікте жұмыс жасап отырғанын да атап өтті.

 

Келесі кезекте сөз алған азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев есепті мерзімде негізгі жұмыс азаматтық істердің сапасын арттыруға, талап арыздарды себепсіз қараусыз қалдыру фактілерін болдырмауға және азаматтық даулардың басым бөлігін сотқа жеткізбей бітімгершілік немесе медиация арқылы реттеу тәртіптерін халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіруге бағытталғанын айтты.

 

 

Халық арасында жүргізілген түсіндіру-насихаттау жұмыстары бітімгерлік тәртібімен қаралған істердің (медиация, партисипативтік келісім) көрсеткішін сақтауға оң әсер етті. Яғни, есепті мерзімде барлығы 666 іс (2016 жылдың І жж. - 750 іс) медиация институты арқылы реттелді. Оның 58-і бітімгерлікке келумен, 29-ы партисипативтік тәсілмен, 48-і судья-медиатордың көмегі арқылы аяқталса, «Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін міндетті түрде реттеу» пилоттық жобасы аясында 165 дау-жанжал қаралып, шешілген.

 

Ал, қылмыстық істер мен олардың санаттары туралы толық мағлұматты көпшілік назарына қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев ұсынды.

 

 

- Облыс бойынша есепті мерзімде 1009 тұлғаға қатысты барлығы 872 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде сотталғандар саны – 697, бас бостандығынан айырылғаны – 185, шартты түрде сотталғандар – 49, қоғамдық жұмысқа тартылғаны - 100, бас бостандығынан шектелгені – 121 тұлға болса, 188 тұлғаға айыппұл салынып, 36 тұлға рақымшылық заңымен босатылды.

 

Есепті мерзімде барлық қаралған қылмыстық істің 13,3 пайызы, яғни 116 қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 7,2 пайызды құраған болатын.

 

 

Жыл басынан бері тергеу судьяларымен барлығы 815 сотқа дейінгі материал қаралып, 781-і қанағаттандырылған, 34-і қанағаттандырудан бас тартылған. Сотқа дейінгі тергеу және прокурорлар тарапынан жіберілген процессуалдық заңанама талаптары бұзылғандықтан, 20 жекеше қаулы шығарылған, - деді Е.Қарабаев.

 

Сонымен қатар, кеңейтілген кеңес барысында Сот әдебі комиссиясының, судьялардың іс-әрекетіне түскен арыз-шағымдар туралы жұмыс тобының, Соттар әкімшісі басшысы мен бірқатар аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының есептері тыңдалды. Сондай-ақ өзге де қоғамдық жұмыс топтары мен комиссиялардың жұмыстары талқыланды.

 

Сот төрелігін жүзеге асыру жұмысымен танысқан департамент басшысы Н.Шәріпов Елбасының сот корпусының алдына қойған міндеттерін, Жоғарғы Соттың жоспарлы жұмыстарын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап айтты.

 

 

Соттардың имиджі мен тәуелсіздігін, сондай-ақ судьялардың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша Жоғарғы Сот барлық шараларды қабылдауда. Әр судья азаматтарды жеке қабылдау сапасына, сот практикасына тұрақты талдау жүргізуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысқа, электронды сот төрелігін дамытуға назар аудару қажет, - деген департамент басшысы облыс соттарының осы міндеттерді толығымен орындайтынына сенім білдірді.

 

 

«Кеңейтілген кеңестің жұмысын қорытындылай келе сот төрағасы облыс судьяларына сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын одан әрі жақсарту, судья әдебінің нормаларын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарында тиісті тапсырмалар берді. Судьялар қауымдастығы Н.Шәріповке кеңес жұмысына қатысқаны үшін алғыстарын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі»,- деп хабарлайды осы ақпаратты біздің басылым редакциясына жолдаған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему