Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі

25 Июля 2017 (15:09) | 18385 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - биылғы жылғы Елбасы Жолдауының рухани жалғасы.

 

 

Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны!

 

«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі.

 

Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Таяу он жылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек дегенді айтады. Бұл рухани жаңғырудың жалғыз шарты.

 

Президент мақаласы Қазақстан халқының мінезін, сындарлы ұлттық басымдықтарды қамтып, ұлттың мәдени кодын көрсетеді. Президент біздің негізгі рухани құндылықтарымыздың даму бағыттарын баяндаған: ғылым, мәдениет, білім.

 

Еліміздің әр азаматы үшін бағдар болып отырған бірігудің және жалпы ұлттық ұқсастықты нығайтудың жаңа концепциясы ұсынылған.

 

Елбасының мақаласында белгіленген бағдарламалық мақсаттарды іске асыру жастарда патриотизм мен азаматтық ұқсастық сезімін одан бетер нығайтады. Қазақстан халқының қоғамдық келісімінің және бірлігінің нығаюына жағдай жасайтын болады.

 

Патриотизм ортақ тарих пен мәдениеттен, тілден, отбасынан бастау алады. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істері мен қуаттанып, нығайтылуы тиіс.

 

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.

 

Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мем-лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту.

 

«Білімді - мыңды жығады, білекті - бірді жығады» дейді халық даналығы. Білім мықты болуы үшін үкімет еліміздің білім беру саласын реформалаймыз деп жатыр. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуымыз керек. Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек. Латын қарпіне көшу туралы Елбасы өзінің мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процестерінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап көрсетті. Бұл әлемдік ғылым саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Сол үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылмақшы.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы - бұл жай ғана мақала емес, бұл - біздің кезеңіміздің көрінісі, болашаққа бағдарлама. Болашақтың адамы қандай болуы керек, адамзат рухани санасын сақтау үшін не істеу керегін көрсететін бағдарлама.

 

Ақтау қалалық №2 сотының судьясы М.Джумаева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему