Белгілі әндердің белгісіз авторлары
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Белгілі әндердің белгісіз авторлары

8 Июля 2017 (11:22) | 4201 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстаулық азамат Бердіхан Әлмен осыдан жарты жылдай уақыт бұрын «Сөз бен саз» атты тың жобаны қолға алған болатын. Мақсаты – әндері халыққа кең тараған, бірақ өздері тасада қалған ауылдағы сазгерлерді халыққа таныстыру. Осы орайда «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан арнайы бағдарлама ашып, өңірдегі ән өнерінің майталмандарын көпшілікке насихаттап жүр. Өнер жанашыры Бердіхан Әлмен тек маңғыстаулық емес, еліміздің өзге өңірлеріндегі композиторлар туралы дерек жинауда. Ол өткен аптада белгілі әндердің белгісіз авторларын жинап, үлкен концерт өткізді.

 

 

 

Сендерге әрдайым орын бар,

Ақ отау төріне қоныңдар

Ақ тілек батамыз мінекей,

Бақытты болыңдар, болыңдар,-деп басталатын «Жұбайлар жыры» 80-90 жылдары ел арасына кең тарап, хит болған ән. Осы сияқты тағы бірнеше танымал әнні авторы Бекжігіт Сердәлі бүгінде Түркістан қаласында тұрады. Жоғары оқу орнында оқытушы. Әуесқой сазгер ән жазудан әлі күнге қол үзбепті. Қоржынында ондаған туындысы бар. Әндері жылдар бойы шырқалып келсе де ол үшін ешуақытта ақы алып көрген емес.

БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, САЗГЕР:

-Әнімізді елдің ішінде айтып жатса, «Ей тоқтай тұр, мына әннің авторы менмін», деп айқай салу жоқ бізде. Іштей өзіңнің туындыңа сүйсініп отырасың. Халықтық дүниеге айналғанына қуанасың. Негізі адам өзі үшін жазбайды ғой. Халық үшін жазады. Сондықтан халық айтып жатса қуанамын.

            «Сөз бен саз» бағдарламасының концертіне Бекжігіт Сердәлі арнайы шақыртумен келіп, тыңдармандарымен кездесті. Жалпы, белгілі әндердің белгісіз авторларын халыққа таныстыру мақсатында өткізілген концертке 20-жуық сазгер қатысты. Ешбірі кәсіби музыкант емес. Бірі ауылда мал бағып, енді бірі кен орнында мұнай өңдеп жүр. Тағы бірі саясат сахнасында еңбек етіп келеді. Алайда, әндері талай жүректің төрінен орын алған. Мұндағы сазгерлердің үлкені бүгінде жасы 80-ге таяған Шамшадин атай. Маңғыстаудың жастары қарияның күйлері мен әуендеріне сусындап өскен. 

ШАМШАДИН САБЫТАЕВ, МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

-«Маңғыстау маршы» деген әнім бар. Қазір Маңғыстаудың гимні сияқты болып кетті.  Менің атағымды шығарған да сол. Бар жиынтық өнерім сол енді. Қазір өнерді қойдық. Әр нәрсенің өзінің мезгіліне байланысты, жасқа байланысты өзінің істері болады. Маңғыстаудың сазгерлерін жинап, ішінде ақсақалы мені шақырып, сөз бен сазды ұйымдастырып, бағдарламаны жасап жатқан азаматтарға рахметімізді айтамыз. Жақсы нәрсе, әрі қарай жалғасын таба берсін.

 «Көбнесе ән айтатын әншілер танылады да, олардың жұлдызын жаққан сазгерлер тасада қалып жатады. Менің мақсатым – негізгі еңбек иелерін өсіп келе жатқан ұрпаққа таныту»,-дейді өнер жанашыры Бердіхан Әлмен. Ол осылайша жастардың рухани жаңғыруына өзінің үлесін қоспақ.

 БЕРДІХАН ӘЛМЕН, «СӨЗ БЕН САЗ» ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

-«Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан», деп Абай атамыз айтқандай мен осы Маңғыстаудың перзенті ретінде осы сазгерлердің барлық тақырыптағы барлық ән-күйлерін, барлық шығармаларын бір жүйеге келтіріп, бір кітапты жинақтап шығарып,   сол кітапты Маңғыстаудағы мәдениет үйлері мен барлық мектептің музыка пәнінің мұғалімдеріне апарып, тегін тапсырып, осы туған жеріме кішкене болса да үлесімді қоссам деген арманым бар.

Концертте өңір сазгерлері әндерін өздері орындады. Жиналған жұртшылық қосыла ән шырқап, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему