Ақтауда тегін балмұздақ таратылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда тегін балмұздақ таратылды

8 Июля 2017 (09:31) | 2303 | Автор: Мира Ботабекова

 

            Астана күніне орай «БиКада» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғындарға тегін балмұздақтар таратты. Таңғы сағат 9-дан бастап мекеме қызметкерлері қала ішін аралап, 8 мыңнан астам балмұздақ үлестірді. Осылайша, жасты да, кәріні де қуантты.

 

Міне, осылайша жаздың аптап ыстығында «БиКада» серіктестігінің қызметкерлері Астана күнінің құрметіне 232 қорап балмұздақты тегін таратты. Бұл базарлық бүлдіршіндерді бейжай қалдырмады.

 

Гүлшат Нұрпейіс:

-«БиКада» компаниясы маған тегін балмұздақ берді. Мен және оны інілеріме және сіңілдеріме бердім. Осы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Осындай тегін балмұздақ күндері құтты бола берсін. Біз бүгін қатты қуаныштымыз. Ауладағы балаларға да ең керемет күн деп ойлаймын. 

 

Нұрдәулет Елдібай:

-«БиКада» компаниясына рахмет. Мен 3 балмұздақ алдым. Өзіме, апама және қарындасыма.  

 

            Айта кетейік, 2002 жылы негізі қаланған «БиКада» серіктестігі бүгінде телекоммуникация саласында түрлі қызмет көрсетеді. Аймақтық, қалааралық және халықаралық телефон байланыстарын орнатады. Ғаламтор желісі мен цифрлық телекөрсетілімді  жалғайды.

 

Ольга Сабирова - «Bikada» ЖШС менеджері:

-Біз осылайша өзіміздің тұрақты және болашақ клиенттерімізге азғантай сый жасап жатырмыз. Жаздың ыстығында шөлін балмұздақпен бассын деп. Айта кетейін, біздің мекеме түрлі қызметтер ұсынады. Жақында домофон қызметін іске қостық.

 

            Мұндай акцияны алғаш рет ұйымдастырған мекеме тұрғындардың ризашылығына бөленді. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын таба бермек,-деді ұйымдастырушылар.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему