Отбасылық даулардың өршуі - өкінішті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 17:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отбасылық даулардың өршуі - өкінішті

30 Мая 2017 (17:22) | 3438 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Отбасылық даулардың әулет ақсақалымен емес, сот арқылы шешілетіні өкінішті»,-дейді мақала авторы Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық сотының судьясы Куандық Жақанұлы Акеров.

 

Заң отбасына өзіндік түсінігін береді. Отбасы – мемлекет құндылықтарының бірі. Мемлекетті құраушы тұлғалардың өсіп, өркендеуін қамтамасыз ететін жауапкершілік те осылардан бастау алады. Заң тілмен айтқанда, отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

 

Ал, неке түсінігі – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Адам баласы жаратылысынан отбасын қалыптастырып қана қоймай, оның рухани тазалығына, отбасын заңдастыратын әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің сақталуына ерекше мен берген.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, әке, ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті», - деп баса көрсетілген. Осы жүктелген міндет елімізде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі негізінде жүзеге асырылады.

 

Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың аңсар көңілдерін, олардың талап – тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не алты айға дейін екеуін татуластыру мақсатын көздеп, мерзім береді. Жұбайлардың жанұясын сақтап калуы үшін, олардың кәмелетке толмаған жас бүлдіршін балаларын тірі жетім қылып қалдырмас үшін, заң жүзінде соттың құзырындағы бар мүмкіншілік осы.

 

Әрине, жанұяны сақтау, не сақтаму екі жақтың – жұбайлардың өз құқығы, олардың қарым-қатынасын өзгертуге тырысу, рухани өмір аймағындағы принциптерге қайшы келеді. Осы жерде айта кететін бір жайт – Батыстың алдыңғы қатардағы көп елдерінде некені бұзу, сот жүйесінде көп тосқауылдары бар күрделі азаматтық істер болып танылады.

 

Сот мәжілістерінде некені бұзу жайлы істерді қарағанда, ондай азаматтық істерді зерттегенде, мұндай жағдайдың себептерін анықтауға тырысамыз. Ерлі-зайыптылардың жас бүлдіршін, бөбектерінің қамы үшін, оларды жарастыру, татуластыру мақсатында аталы сөздерді, үлгі-өнеге айтып және жауапкершіліктерін түсіндіріп бағамыз. Балаларының алдындағы, ел-жұртының алдындағы борышын түсініп, райынан қайтып, жарасып кеткен жастар аз емес. Отбасының шарқының бұзылуы, екі жұбайдың шаңырақтарының құлауы – адамдардың әлеуметтік – табиғи, материалдық және рухани өміріне байланысты.

 

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке бұзылады.

 

Алайда, сот тәжірибесінде заңның осы талабын білмеудің салдарынан кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ некені бұзуға өзара келісімі бар және бір-біріне мүліктік, одан өзге де талаптарды жоқ көптеген Бейнеу аудандық азаматтар мен азаматшалар тіркеуші органдарға арызданбастан бірден сотқа некені бұзу туралы талап арызбен жүгінеді.

 

Елімізде «Медиация туралы» Заң қабылданды. Осы заң талаптарын сотта қаралатын неке және отбасымен байланысты туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарау барысында қолданған жөн болар еді. Кезінде отбасында болып жататын дау-дамайлар сөзі дуалы ауылдың ақсақалдарынан аспайтын.

 

Қоғамымыздағы неке және отбасына қатысты даулардың өршіп бара жатуы - ар-ұят пен әдепті бойына ана сүтімен сіңіріп өскен қазақ халқы үшін өте өзекті мәселе.

 

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының

судьясы Қуандық Акеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему