Қос Бауыржан Еуропа кубогында жеңіске жетті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қос Бауыржан Еуропа кубогында жеңіске жетті

16 Мая 2017 (14:52) | 2016 | Автор: Нурганым Имашева

 

Литваның Каунас қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті. 13-14 мамыр аралығында өткен дүбірлі додада маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 55 келі салмақта Бауыржан Нарбаев пен 66 келі салмақта Бауыржан Сағынғалиұлы жеңіс тұғырына көтеріліп, аймақ абыройын асқақтатты.

 

20 мемлекеттің «ең мықтылары» қатысқан жарыста Бауыржан Нарбаев украиналық, белгиялық, германиялық балуандардан басым түсіп, ақтық сында қазқстандық қарсыласы Дамир Болатбековті айқын басымдылықпен жеңді. Алтын медальға қол жеткізіп, Еуропа кубогының иегері атанды.

 

-Төрт қарсыласым да осал болған жоқ. Намысты қолдан бермеуге тырыстым, барымды салып күрестім.

 

Бапкерлерім Манарбек Бисекенов, Жомарт Қобыланов ағайларымның сенімін, ата-анамның үмітін ақтап, алтынды еншіледім.

 

Ендігі ең үлкен мақсат-Олимпиада шыңын бағындырып, тәуелсіз қазақ елінің әнұранын асқақтатып, көк туын Олимпиада төрінде желбірету,-дейді Еуропа кубогінің иегері Бауыржан Нарбаев.

 

 

Боз кілем үстінде болған белдесуде маңғыстаулық Бауыржан Сағынғалиұлы грециялық, польшалық, германиялық, нидерландық балуандарды тізе бүктіріп, шешуші кезеңге жолдама алды. Татами төрінде барын салған Бауыржан Сағынғалиұлы шешуші сәтте украиналық қарсыласы Олег Овшаренкоға есесін жіберді. Осылайша, Еуропа кубогының күміс жүлдесіне ие болды.

 

Бауыржан бұған дейін жастар арасында самбодан екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Жақында Алматы төрінде жастар арасында Б. Махмұтұлының жүлдесіне арналған турнирде күмісті еншілеген еді.

 

Жалпы, жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында ел құрамасы командалық есепте үздік үштіктен көрінді. Қазақстандық жастар еліміздің қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальды салып, көк туымызды сан мәрте биіктен желбіретті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему